"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саны 600 адамды қоғамдық жұмыстарға арналған сұраныстар мен ұсыныстар бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, жұмыстардың түрлері, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерімен бекітілсін (Қосымша).
3. "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Р.И. Меллятова):
1) осы қаулының 2 тармағында белгіленген барлық жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау шарттарын жасасын;
2) қоғамдық жұмыстар "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережелерімен қатаң сәйкестікте ұйымдастырылсын.
4. "Шахтинск қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А.Б. Меллятов) қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. К. Егишевке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі Е. Утешев
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2009 жылдың 24 желтоқсандағы
N 21/3 қаулысына
қосымша
1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізімі және ай сайын жіберілетін жұмыссыздардың саны:
1) мемлекеттік мекемелер – 493 адам;
2) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар – 12 адам;
3) коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар – 95 адам.
2. Қоғамдық жұмыстар түрлері:
1) мемлекеттік қызметті оңтайландыру;
2) абаттандыру;
3) аймақтық кампания;
4) объектілерді жөндеу және қайта құру;
5) оқу барысын және балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
6) қайрымдылық бикесі қызметтерін көрсету;
7) "Салауатты ұлт" бағдарламасын жүзеге асыру;
8) әлеуметтік қызметтерге көмектесу;
9) демалыс кезеңінде балалардың демалысын ұйымдастыру;
10) жолдарды жөндеу;
11) көгалдандыру;
12) аула клубтарының қызметін ұйымдастыру;
13) тәрбиелеуші-педагогтардың қызметі;
14) жастардың бос уақытын ұйымдастыру;
15) мәдени-сауықтық іс-шараларды ұйымдастыру;
16) тәртіп сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 219-IV "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде анықталады.