Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 848/12 "Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 02/27 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 25 ақпанда N 8-2-78 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 848/12 "Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай көмек көрсету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2008 жылғы 29 желтоқсанында N 8-2-68 тіркелген, "Сарыарқа" газетінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 132, "Жезказганская правда" газетінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 74 жарияланған), мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде және Қарағанды қаласындағы Медицина академиясында оқу төлемақысын төлеу үшін әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай көмек көрсетілсін".
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ. Балмағамбетов