РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбелері № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д. Үсембаева), жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін және жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шарт жасассын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нәметқұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1-ші қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Б. Қарашолақов
"КЕЛІСІЛДІ":
"Жамбыл облысы Шу аудандық
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К. Ердосов
11 наурыз 2009 жыл.
"Жамбыл облысы Әділет департаментінің
Шу аудандық Әділет басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Т. Сәкенов
11 наурыз 2009 жыл.
Шу ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 11 наурыздағы
№ 87 қаулысына
№ 1-қосымша
2009 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі
1. "Шу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
2. "Дулат селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
3. "Жаңақоғам селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
4. "Көкқайнар селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
5. "Тасөткел селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
6. "Төлеби ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
7. "Бірлікүстем селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
8. "Шоқпар селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
9. "Ескішу селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
10. "Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
11. "Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
12. "Балуан Шолақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
13. "Алға селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
14. "Д. Қонаев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
15. "Қорағаты селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
16. "Далақайнар селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
17. "Ақтөбе селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
18. "Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
19. "Өндіріс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
20. "Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
21. "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаментінің Шу ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
22. "Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
23. "Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Шу ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 11 наурыздағы
№ 87 қаулысына
№ 2-қосымша
2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№ |
Жұмыс түрлері |
Нақты жұмыс жағдайлары |
Көлемі |
Қаржыландыру көздері |
Еңбегіне төленетін ақының мөлшері (адам басына) |
Сұраныс |
Ұсыныс |
1 |
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру, көгеріштендіру және тазалық жұмыстары) |
1. Арық тазалау |
110 шақырым |
Жергілікті бюджет |
13470 |
56 |
45 |
2 |
Егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету |
Тал егу |
25000 түп |
Жергілікті бюджет |
13470 |
50 |
48 |
3 |
Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу. |
1. Сауална ма жүргізуге қатысу |
Қажеттілігіне сәйкес |
Жергілікті бюджет |
13470 |
27 |
24 |
4 |
Бюджеттік мекемелерді қысқы мерзімге дайындауға және ағымдық жөндеу жұмыстарына қатысу |
Ақтау, сырлау |
Қажеттілігіне сәйкес |
Жергілікті бюджет |
13470 |
14 |
11 |
5 |
Соғыс ардагерлері мен тұрмысы төмен отбасыларын анықтауға қатысу. |
Іс қағаздарымен жұмыс, құжат толтыру |
Қажеттілігіне сәйкес |
Жергілікті бюджет |
13470 |
13 |
11 |
6 |
Мектеп кітапханаларында жыртылған кітаптарды түптеуге, желімдеуге көмектесу. |
Кітаптарды түптеу және желімдеу |
8-10 мың кітап |
Жергілікті бюджет |
13470 |
11 |
11 |
Барлығы |
171 |
150 |