Тіркелген салық ставкалары туралы

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 13-5 Шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 ақпанда 74 нөмірімен тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызметін Қордай ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                    Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                 хатшысы
      Э. Заманов                           Т. Сүгірбай

Қордай аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 27 қаңтардағы
№ 13-5 шешіміне қосымша

Қызметін Қордай ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Р/б

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

2.

Бильярд үстелі

3