Бектөбе ауылындағы Жаңа-3 көшесінің атауын өзгерту туралы

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 қазандағы N 17 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 қарашада 102 нөмірімен тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Бектөбе ауылының Жаңа-2 көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
      1. Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе ауылындағы Жаңа-3 көшесінің аты еңбек ардагері Сағынбек Юсуповтың атындағы көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауылдық округінің Әкімі:          Б. Мұратбаев