Жамбыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 қаңтардағы «Жамбыл ауданының 2009 жылға арналған жер салығының базалық ставкаларын нақтылау туралы» № 20-83 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 22-95 шешімі. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 мамырда N 2-7-77 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 32-140 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 32-140 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8, 163 - баптарына, Салық Кодексінің 387-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 13 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      
      1.Жамбыл аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 ақпанда 2-7-72 нөмерімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық «Атамекен» газетінің 14-15 (5436-37) нөмерінде жарияланған № 20-83 «Жамбыл ауданының 2009 жылға арналған жер салығының базалық ставкаларын нақтылау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізіліп, 3 тармағы төмендегі редакцияда оқылсын:
      «Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін».
      
      2.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрағасы                            К.Керімбаев
      
      Мәслихат хатшысы                           Б.Әлиев