Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына, 6-7 тармақтың 29 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабындағы, 1 тармақтың 14 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленіп, оқитын әр мүгедек балаларға (бұдан әрі- мүгедек балалар), қосымша әлеуметтік көмекті (бұдан әрі- әлеуметтік көмек) есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерін тоқсан сайын төлеу қамтамасыз етілсін.
2. Әлеуметтік көмек, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы берген анықтамада көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап, туылған, асырап алынған және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) отбасының табысына қарамастан бір жылға ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамға берілуі белгіленсін.
3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген ( екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқада мекемелер) өтініші бойынша және келесі құжаттарды ұсынған жағдайда әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін:
1) өтініш иесінің жеке басының куәлігі, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі;
2) мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
3) дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясының (белгіленген үлгі бойынша) мүгедектік белгіленгендігі туралы анықтамасының көшірмесі;
4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
5) облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.
4. «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемелекеттік мекемесі қалалық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары І.С. Сүгіровке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Таубаев