Көшелерге атау беру туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Есет Көтібарұлы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 16 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 30 наурызында N 3-13-102 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік онамастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Есет Көтібарұлы селолық округі халқының пікірін ескере отырып Байқадам селосының көшелеріне атау берілсін.
      1) Есет Көтібарұлы көшесі Ұлт-азаттық көтерілістің көсемі, селолық округ атауы.
      2) Ідіріс Үргенішбаев көшесі Кеңес одағының батыры, жерлесіміз.
      3) Абай Құнанбаев көшесі Қазақ халқының ұлы ақыны.
      4) Төлеу Бәсенов көшесі Еңбегі сіңген архитектор, жерлесіміз.
      5) Ұран Бақтыбай көшесі Халқымыздың аты ұранға шыққан батыры.
      6) Қайдауыл Едігеұлы көшесі Жерлесіміз, ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі.
      7) Әлия Молдағұлова көшесі Кеңес одағының батыры, шығыстың қос шынарының бірі.
      8) Қазақай көшесі Халық арасына ислам дінін, имандылық ұрығын таратушы.
      2. Есет Көтібарұлы селолық округі халқының пікірін ескере отырып Алақозы елді мекенінің көшесіне атау берілсін.
      1) Тәуелсіздік көшесі Еліміздің тәуелсіздігі құрметіне.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есет Көтібарұлы
      селолық округінің әкімі:                  М.Оразалин