Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 110 қаулысы. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 6 мамырда N 3-9-97 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабы 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұғалжар ауданының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты бөлінген қаражат шегінде қамтамасыз ету "Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бастығы Ғ. Асқаровқа жүктелсін.
      3. Аудандағы халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы А.Шотовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Аққұлға жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     С. Шаңғұтов

Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 25 наурыздағы
N 110 қаулысымен
ҚОСЫМША

Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі

Р/с

Мекеме атауы

Қабылданатын адам саны

Жұмыс істеу мерзімі

Ескерту

1.

"Базальт"-ЖШС

100

6 ай

Келісіммен

2.

"Силикат"-ЖШС

50

6 ай

Келісіммен


Барлығы

150