Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне толықтыру еңгізу туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 93 қаулысы. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 сәуірде N 3-8-83 тіркелді

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 41 бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы № 126 "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының қабылдануына байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 19 ақпандағы № 81 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 71 "2009 жылға арналған Мәртөк ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (№ 3-8-78 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы "Мәртөк тынысы" № 12 газетінде жарияланған); 2009 жылғы 19 ақпандағы № 83 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 61 "Аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (№ 3-8-79 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы "Мәртөк тынысы" № 12 газетінде жарияланған); 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 "Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы" (№ 3-8-80 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы "Мәртөк тынысы" № 12 газетінде жарияланған) шешімдеріне мынадай толықтыру енгізілсін:
      мәтінінде "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздер "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат            Аудандық мәслихат
          сессиясының                төрағасы хатшысы
           М.Ордабаев                    А.Смағұлов