Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан I, II, III топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы N 84 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда N 3-8-80 тіркелді

Қолданыстағы

     РҚАО ескертпесі.
     Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Азық-түліктердің бағаларының көтерілуіне байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына - ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, III топтағы мүгедектерге 1,5 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (А.Т.Жұмабаева) әлеуметтік төлем төлеуге қаржы қарастырсын.

      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А.А.Тұрмағамбетова) ай сайынғы төлеудерді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Цыбаға жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   Аудандық мәслихат             Аудандық мәслихат
    сессиясының төрағасы          хатшысы
    Т.Нұрпазілов                  А.Смағұлов