Қобда ауылындағы Желтоқсан көшесінің атауын өзгерту туралы

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 43 шешімі. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 14 қазанда N 3-7-76 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 35 бабының 2 тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 16 бабының 2, 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" N 45 қаулысына сәйкес сондай-ақ Қобда елді мекенінің ауыл тұрғындары конференциясының 2009 жылғы 10 тамызындағы хаттамасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Қобда ауылындағы көшелер тұрғындарының пікірін ескере отырып және сызба-картаға сәйкес төмендегі мазмұнда көше атауы берілсін:
      2. Желтоқсан көшесіне Иса және Ескендір Көпжасаровтар аты берілсін.
      3. Осы шешім аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қобда ауыл округінің әкімі              А.Жолдыбаев