Аудандық мәслихаттың 2009 жылы 22 шілдеде қабылданған "Қобда ауданындағы елді мекендерді абаттандыру бойынша ережелерді бекіту туралы" N 100 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 қазандағы N 111 шешімі. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 29 желтоқсанда N 3-7-79 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республика Заңының 28 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Қобда ауданындағы елді мекендерді абаттандыру бойынша ережелерді бекіту туралы" 2009 жылы 22 шілдеде қабылданған аудандық мәслихат N 100 шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 28 тамызда N 3-7-74 тіркелген, 2009 жылғы 10 қыркүйектегі N 36 "Қобда" газетінде жарияланған), қосымшадағы 45, 57, 66, 68, 69, 70 және 92 баптарындағы "тыйым салынады" деген сөз "рұқсат етілмейді" сөзімен, 86 баптағы "алуға міндетті" және 99 баптағы "ұстауға міндетті" сөздері "алуы керек" және "ұстауы керек" сөздерімен алмастырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының        Аудандық мәслихаттың
         төрағасы                      хатшысы

        Т. Қарымсақов                І. Қобланов