"Жайсаңбай селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы" 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 256/62 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 244 қаулысы және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 111 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әділет басқармасында 2010 жылдың 05 қаңтарда № 3-5-110 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 31-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. «Жайсаңбай селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 256/62 бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 3-5-88 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпандағы «Ырғыз» газетінде № 5 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы 1-қосымша алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                             М.Дуанбеков

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:                    Б.Балдан