Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және 16 бабына сәйкес село халқының пікірін ескере отырып Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Село орталығындағы Аэропорт көшесінің 31-ден басталатын тұрғын үйлер орналасқан бөлігі ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, ҚазССР Ғылым Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы Бәйішев Сақтаған есімімен аталсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округі әкімі М. Азанқұл