Тоқмансай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай селолық округінің әкімі 2009 жылғы 08 қазандағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 05 қарашада № 3-3-89 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне, сондай-ақ Тоқмансай селолық округі тұрғындары өкілдерінің жиын конференциясына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тоқмансай селолық округіне қарасты төмендегі елді мекендерге көше атаулары берілсін:

      Қайнар ауылының көшелеріне:

№ 1 Таңатар Алдашев көшесі;

№ 2 Ахмет Жұбанов көшесі;

№ 3 Әлия Молдағұлова көшесі;

№ 4 Жарылқап Ізбасқанов көшесі;

№ 5 Жамбыл Жабаев көшесі;

№ 6 Әліби Жангельдин көшесі;

№ 7 Мұхтар Әуезов көшесі;

№ 8 Абай Құнанбаев көшесі;

№ 9 Күләш Байсейтова көшесі;

      Тоқмансай ауылының көшелеріне:

№ 1 Жеңіс көшесі;

№ 2 Қазақ көшесі;

№ 3 Тамды көшесі;

      Станция Тоқмансай ауылының көшесіне:

№ 1 Теміржол көшесі;

      Өлетті ауылының көшесіне:

№ 1 Орталық көшесі:

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тоқмансай селолық округінің әкімі              Қ.Бақтыбаев