Тамды селолық округіне қарасты Тамды ауылының көше атауларын қайта атау және елді мекендеріне көше атауларын беру туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды селолық округінің әкімінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 26 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 07 қазанда № 3-3-88 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне, сондай-ақ Тамды селолық округі елді мекендері: Тамды, Талдысай, Еркінкүш тұрғындары өкілдерінің жиын конференциясына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тамды ауылының төмендегі көше атаулары:

      № 1 «Центральная» көшесі – «Ә.Молдагулова» көшесі деп;

      № 2 «Дзержинская» көшесі – «Ж.Кереев» көшесі деп;

      № 3 «Советская» көшесі – «Есет батыр Көкіұлы» көшесі деп;

      № 4 «Садовая» көшесі – «Д.Қонаев» көшесі деп;

      № 5 «Гагарин» көшесі – «Б.Момышұлы» көшесі деп;

      № 6 «Абай» көшесі – «А.Құнанбаев» көшесі деп;

      № 7 «Илекская» көшесі – «Елек» көшесі деп;

      № 8 «Дружба» көшесі – «Достық» көшесі деп;

      № 9 «Водопроводная» көшесі – «Т.Ахтанов» көшесі деп;

      № 10 «Фрунзе» көшесі– «М.Маметова» көшесі деп;

      № 11 «Набережная» көшесі – «Тәуелсіздік» көшесі деп;

      № 12 «переулок Комсомольская» – «Жастар» тұйық көшесі деп;

      № 13 «переулок Джамбула» – «Ж.Жабаев» тұйық көшесі деп;

      № 14 «переулок Кооперативная» – «А.Жұбанов» тұйық көшесі деп;

      № 15 «переулок М.Горького» – «Наурыз» тұйық көшесі деп;

      № 16 «переулок Центральная» - «Желтоқсан» тұйық көшесі деп;

      № 17 «Новая» көшесі – «Жаңа құрылыс» көшесі деп;

      № 18 Темір жол бойындағы «Центральная» көшесі – «Қобыланды батыр» көшесі деп.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды селолық округінің әкімінің 2010.06.14 № 13 (қолданысқа енгізілу тәтібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен

      2. Талдысай ауылының көшелеріне:

      № 1. Желекті

      № 2. Бұлақты

      № 3. Досым

      3. Еркінкүш ауылының көшелеріне:

      № 1. Нұрлы

      № 2. Көктем

      4. «Алғабас – Батпақты» шаруа қожалығының көшесіне:

      № 1. «Ата – мұра» көшесі атаулары берілсін.

      5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тамды селолық округінің әкімі               Т.Султанов