Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімиятының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 51 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 13 ақпандағы N 3-3-71 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген халықтың мақсатты тобы ішінен жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелердің тізбесі бекітілсін (қосымша).

      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін меншік түрлеріне қарамастан аудан ұйымдарына "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесімен келісім-шартқа отырып, сонымен қатар келісім-шартқа сәйкес алты ай мерзіміне дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру ұсынылсын.

      3. "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (А.Нұржан) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде мекемелер берген қажеттілікке сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыру үшін жолдасын. Қаржыландыру жылына сәйкес Қазақстан Республикасы Заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінен аспайтын сомада әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың 50 пайыз еңбекақысын қабылданған ұйымға өтесін. Қаражат ұйымның есеп-шотына бағытталады.

      4. "Алға аудандық қаржы бөлiмi" ММ (Т.Төлегенов) 002 - 102 – 149 "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар" бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi:       М.Тағымов

Аудан әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 6 ақпандағы
N 51 қаулысымен бекiтiлген
қосымша

Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын
ұсынатын ұйымдар
ТІЗІМІ

Рет саны

Мекеме, ұйымның атауы

Әлеуметтiк жұмыс орындар саны (бiрлiк)

1

Жеке кәсіпкер Шынтаева М.

2

2

Жеке кәсіпкер Сейтова Б.

4

3

Жеке кәсіпкер Джармухамбетова Г.

2

4

Жеке кәсіпкер Жумабейсова Ж.

2

5

"Арай" селолық тұтыну кооперативі

4

6

"Бахтияр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

7

"фирма Иран" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4


БАРЛЫҒЫ:

19