Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңның 14 бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Комсомол селосындағы Азат көшесінің атауы өзгертіліп, ол көшеге Қазтай Айтазиннің есімі берілсін. (Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген, ғылымына елеулі үлес қосқан филология ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор).
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Комсомол селолық округінің әкімі М.Сатимов