Әйтеке би ауданында 2009-2012 жылдарға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімиятының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 167 қаулысы. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 7 мамырда N 3-2-78 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 918-1 баптарына сәйкес халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөніндегі шараларын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әйтеке би ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ашылатын кәсіпорындардың тізбесі бекітілсін. (Қосымша N 1)

      2. Бірінші кезекте халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ашылған әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру Әйтеке би аудандық қаржы бөліміне (А.Сапаров) тапсырылсын.

      3. Әлеуметтік жұмыс орындарында Жол картасы аясында төлем көлемі – 30000 тенге болып белгіленсін, соның ішінде 15000 теңге қаржы бюджеттен.

      4. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 309 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы" Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 07 тамызда N 3-2-58 тізіліммен өткен және N 33 санды 14 тамыздағы 2008 жылы ресми жарияланған қаулысының күші жойылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Нуршинге жүктелсін.

      6. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:      Е.Есенбаев
 

Әйтеке би ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 10 сәуірдегі N 167 қаулысымен
бекітілген ҚОСЫМША N 1

Әйтеке би ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ашылатын кәсіпорындардың тізбесі

"Қазақавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік мекемесі

"Қарабұтақ орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі

"Қайнар" Мемлекеттік коммуналдық мекеме

"Қарабұтақ" ЖШС

"Жамбыл" ЖШС

"Комсомол" ЖШС

"Щербаков" ЖШС

"Псков" ЖШС

"Құмқұдық" ЖШС

"Бұлақ" жеке шаруа қожалығы

"Еңбек-Агро" ЖШС

"Ақтасты" ЖШС

"Алтынсарин" ЖШС