«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңының 8 және 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері үшін - автобустар, троллейбустар, маршрутты таксилерде, жасына байланысты зейнеткерлер, 1, 2, 3 топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі бала жасынан мүгедектер үшін - автобустар мен троллейбустарда тегін жүру белгіленсін.
2. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі анықталсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихаты Ақтөбе қалалық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
М. Өндіргенов С. Шынтасова