Ойыл ауданының Қаратал селолық округін Ш.Берсиев атындағы селолық округ деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 257 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 407 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 25 қаңтарда № 3324 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Ойыл ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ойыл ауданының Қаратал селолық округі Ш.Берсиев атындағы селолық округ деп қайта аталсын.
      2. Әкімдіктің осы қаулысы және мәслихаттың шешімі бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                               Е.САҒЫНДЫҚОВ

      Облыстық
      мәслихаттың хатшысы                       Б.ОРДАБАЕВ

      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы                           Қ.ТОҚТАРОВ