"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Мәртөк ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданының Чайда селосы Шаңды ауылы деп қайта аталсын.
2. Әкімдіктің осы қаулысы және мәслихаттың шешімі бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е.САҒЫНДЫҚОВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б.ОРДАБАЕВ |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Қ.ТОҚТАРОВ |