«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, Қарғалы ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы ауданының Херсон селосы Ақжайық ауылы деп қайта аталсын.
2. Әкімдіктің осы қаулысы және мәслихаттың шешімі бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е.САҒЫНДЫҚОВ
Облыстық
мәслихаттың хатшысы Б.ОРДАБАЕВ
Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы Қ.ТОҚТАРОВ