"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына , "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданының Новосергеевка селосы - Құмсай ауылы деп қайта аталсын.
2. Әкімдіктің осы қаулысы және мәслихаттың шешімі ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Е.САҒЫНДЫҚОВ Н.САБДЫҚОВ