Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес Октябрьское селосы тұрғындарының пікірі есебімен Андреевка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Андреевка селолық округінің Октябрьское селосының көшелеріне атау тағайындалсын:
1) № 1 көшесіне – Мұхтар Әуезов көшесі;
2) № 2 көшесіне – Шоқан Уәлиханов көшесі;
3) № 2 көшесіне – Жұлдыз көшесі;
4) № 4 көшесіне – Жастар көшесі;
5) № 5 көшесіне – Ыбырай Алтынсарин көшесі;
6) № 6 көшесіне – Достық көшесі;
7) № 7 көшесіне – Абай Құнанбаев көшесі;
8) № 8 көшесіне – Сәкен Сейфуллин көшесі;
9) № 9 көшесіне – Олжас Сүлейменов көшесі.
2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа кіреді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Әкімнің
міндетін атқарушы А.Шевченко
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
«Сәулет және қала
құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е.Байтоқанов
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
«Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т.Бартош