Аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 23 шілдесіндегі "Азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" № С-34/5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № С-13/4 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда № 1-18-66 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы  Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылдың 24 наурызындағы
Заңының 28 бабына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 23 шілдесіндегі
№ С-34/5 «Азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек
көрсету Ережесін бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аумақтық тізілімінде № 1-18-37 тіркелген, 2007 жылдың 27 қарашасында аудандық № 41 «Вести» және 2007 жылдың 27
қарашасында № 34 «Өрлеу» газеттерінде жарияланған, (аудандық
мәслихаттың сессиясының шешімімен енгізілген кейінгі өзгертулер мен толықтырулар 2007 жылдың 14 желтоқсанында № С-3/8 Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аумақтық тізілімінде
№ 1-18-43 тіркелген, 2008 жылдың 26 қаңтарында аудандық № 4 «Вести
және № 4 «Өрлеу» газеттерінде жарияланған, 2008 жылдың 31 наурызында № С-4/9 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аумақтық тізілімінде № 1-18-51 тіркелген, 2008 жылдың 12 сәуірінде аудандық
№ 15 «Вести» және 2008 жылдың 12 сәуірінде № 15 «Өрлеу» газеттерінде жарияланған, 2008 жылдың 04 шілдесінде № С-6/6 Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің аумақтық тізілімінде № 1-18-57 тіркелген, 2008 жылдың 16 тамызында аудандық № 33 «Вести» және 2008 жылдың 16 тамызында № 33 «Өрлеу» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі
өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің басталуы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабына сәйкес»;
      2) көрсетілген шешіммен азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілген:
      2 тармақтағы «2004 жылдың 24 сәуірі» күні «2008 жылдың 4 желтоқсаны» күніне ауыстырылсын.
      5 тармақ келесі мазмұнда жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Айрықша жағдайларда, өрт, су тасқыны, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы зілзалалық аппаттар кезінде бір жолғы
әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен артатын ауданның азаматтарының (отбасылары) алуға құқығы бар;
      10 тармақтың 5) тармақшасындағы «150» цифрлары «40» цифрларына ауыстырылсын.
      10 тармақ 9), 10), 11) тармақшалармен келесі мазмұнда
толықтырылсын:
      «9) «мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 1 және 2 топтың  мүгедектерін негізгі құралдармен қамтуға (кресло - арба) – 50 айлық есеп көрсеткішіне дейін»;
      10) «мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 1, 2, 3 топтың  мүгедектерін сауықтыруға – 40 айлық есеп көрсеткішіне дейін»;
      11) «мүгедектердің жарыстарда қатысуына - 5 айлық есеп
көрсеткішіне дейін»;
      10-1 тармақ алынсын.
      2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған сәттен он күнтізбелік күн өткеннен бастап
қолданысқа кіреді.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                А.Коровина

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                          Г.Скирда

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі                  С.Қамзебаев

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы             Ж.Мұнтаева

      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің
      бастығы                            О.Мут