Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 шілдедегі № А-6/230 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 шілдеде № 1-16-96 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағының 5-2 тармақшасына сәйкес, әлеуметтік қорғалуға мұқтаж тұлғаларға көмек көрсету мақсатында, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      2. Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № А-4/61 "2008 жылға арналған Сандықтау ауданының кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-76 нөмірімен тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2008 жылдың 19 мамырында № 39 (7705) жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Каулы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының
      әкімі                                      Қ.Сүйіндіков