Қазақстан селосының, Ивановка селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл селолық округі әкімінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қыркүйекте № 1-14-107 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан селосы және Ивановка селосы халқының пікірін ескере отырып, Ақкөл селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазақстан селосының, Ивановка селосының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Қазақстан селосы:
      № 1 көшеге – Орталық атауы;
      № 2 көшеге - Мектеп атауы;
      2) Ивановка селосы:
      № 1 көшеге - Орталық атауы;
      № 2 көшеге - Мектеп атауы;
      № 3 көшеге - Қылшақты атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       А.Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зеренді ауданының
      «Сәулет және
      қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    В.М.Петрова

      Зеренді ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекеменің
      бастығы                                    Ә.М.Райымбекова