«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуіріндегі Заңының 31 бабының 1 тармағына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2009 жылғы 6 наурызындағы № а-3/53 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-9-115 тіркелген, 2009 жылдың 11 сәуірінде «Ереймен» аудандық газетінде және 2009 жылдың 11 сәуірінде «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.К.Кушкунбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Ережепов