Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 және 37-баптарына сәйкес Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер қосымшаға сәйкес енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
3. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің осы қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Ә.Ережепов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақмола облысы
Ерейментау ауданының
Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығының
міндетін атқарушы М.Ж.Рақымбеков
Ақмола облысының
мұрағаттар мен
құжаттамалар басқармасының
«Ерейментау ауданының
мемлекеттік мұрағаты»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы С.С.Cыздықов
«Қазақстан Республикасы
Әділет министірлігі
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Ерейментау ауданының
әділет басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
бастығының
міндетін атқарушы Д.Төлендинова
«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының
Ішкі істер департаменті
Ерейментау ауданының
Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығының
міндетін атқарушы А.Қ.Тасыбаев
Ақмола облысы
Ерейментау ауданы
әкімдігінің 2009 жылғы
24 шілдедегі
№ а-8/208 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларындағы өзгерістердің
тізбесі
1. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2009 жылғы 6 наурыздағы № а-3/53 қаулысында (№ 1-9-115 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелуіндегі Тізілімінде тіркеліп, 2009 жылдың 11 сәуірінде «Ереймен» газетінде жарияланды):
2-тармақтағы «Аймақтық» сөзі алынып тасталсын.
2. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № а-13/294 «2009 жылға Ерейментау ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 2 наурыздағы № а-3/50 қаулысында (№ 1-9-116 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелуіндегі Тізілімінде тіркеліп, 2009 жылдың 4 ақпанында «Ереймен» газетінде жарияланды):
1-тармақтағы «Аймақтық» сөзі алынып тасталсын.
3. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға 2009 жылы әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 6 наурыздағы № а-3/54 қаулысында (№ 1-9-117 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелуіндегі Тізілімінде тіркеліп, 2009 жылдың 25 сәуірінде «Ереймен» газетінде жарияланды):
3-тармақтағы «аймақтық» сөзі алынып тасталсын.
4. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдарының тізбесі туралы» 2009 жылғы 2 маусымдағы № а-6/166 қаулысында (№ 1-9-123 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелуіндегі Тізілімінде тіркеліп, 2009 жылдың 10 шілдеде «Ереймен» газетінде жарияланды):
атауы келесі редакцияда жазылсын: «2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаттары есебіне ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандарының лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкалары қала жағдайларындағы осындай қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың еңбекақылары мен ставкаларын салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары арттыруға құқығы бар мамандардың тізбесін анықтау туралы»;
4-тармақтағы «мерзімдік баспада» сөзі алынып тасталсын.
Қосымшалардың 4-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын.