Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға 2009 жылы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № а-3/54 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 сәуірде № 1-9-117 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасынының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасында ергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабы 2- тармағының 3)-тармақшасына сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы үйде тәрбиеленетін және оқытылатын әрбір мүгедек балаға 6 (алты) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тоқсан сайын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. «Ерейментау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге 2009 жылы аудандық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың уақытында игерілуін қамтамасыз ету шаралары қабылданылсын.
      3. Ерейментау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 5 ақпанындағы «2008 жылы үйде тәрбиеленіп және оқытылытын мүгедек-балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» № а-2/26 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінің аймақтық тізімінде 1-9-97 нөмірімен тіркелген, «Ерейментау» газетінде 2008 жылдың 19 наурызында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Көшкінбаевқа жүктелсін.
      5. Бұл қаулы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      6. Нақты қаулының іс-әрекеті 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                               Н.Ә.Ережепов