Ерейментау ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № а-3/53 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 сәуірде № 1-9-115 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және 9-бабы2-тармағының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерге тіршілік қызметіне және қоғамға кіргізуіне біркелкі мүмкіндік жасау мақсатында, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ерейментау ауданының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. «2008 жылға Ерейментау ауданының кәсіпорындарына  жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № а-3/42 (№ 1-9-99 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізілімінде тіркелген, «Ерейментау» газетінде 2008 жылдың 2 сәуірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Аудан әкімдігінің нақты қаулысының орындалуын бақылауға алу аудан әкімі орынбасары С.Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулының қолданылуы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқық қатынастарына таратылады.
      5. Осы қаулы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                       Н.Ережепов