«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес халықты жұмыспен қамтудағы мемлекеттік кепілдіктерді кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылды Бұланды ауданы бойынша жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын қалалық және ауылдық округтердің, кәсіпорындардың қосымшада берілген тізбесі бекітілсін.
2. «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен тіркелген күнге сәйкес кезек тәртібімен жіберсін.
3. Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы іс жүзінде істеген жұмысы үшін, аудандық бюджет қаражаты есебінен, 2009 жылға Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген ең аз айлық жалақы мөлшерінен аз емес көлемде төленсін.
4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-7-59 тіркелген, аудандық «Бұланды жаршысы - Вести Буланды» газетінің 2008 жылғы 15 ақпанындағы № 7 санында жарияланған «Бұланды ауданы бойынша 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы № а-1/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
6. Осы қаулы 2009 жылғы 5 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
7. Қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік
тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі Е.Б.Нұғыманов
КЕЛІСІЛДІ
Бұланды ауданы әкімдігі жанындағы
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Макинск-Жылу» мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорыны директорының міндетін атқарушы В.Е.Мухин
Бұланды ауданы әкімдігі жанындағы
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Макинск-Су» мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынының директоры С.В.Гранкин
Бұланды ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 20.01 № а-01-06
қаулысымен бекітілген
2009 жылы Бұланды ауданы бойынша жұмыссыз азаматтар үшін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын қалалық және
ауылдық округтердің, кәсіпорындардың тізбесі
Р/с |
Қалалық, ауылдық округтердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың атаулары |
Қоғамдық жұмыс түрлері |
Адам саны |
Орындалатын айы |
Қаржыландыру көзі |
1. |
Айнакөл ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
2 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
2. |
Амангелді ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
2 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
3. |
Вознесенка ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
5 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
4. |
Даниловка ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
4 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
5. |
Журавлевка ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
5 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
Жалғыз және қарт зейнеткерлер мен мүгедектерді күту |
2 |
Жыл бойы |
|||
6. |
Ерголка ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
3 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
7. |
Капитоновка ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
3 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
8. |
Карамышевка ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
4 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
9. |
Қараөзек ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
8 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
10. |
Никольск ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
5 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
11. |
Новобратск ауылдық округі |
Көгалдандыру және көркейту |
2 |
Мамыр- |
Аудандық бюджет |
12. |
Макинск қаласы әкімінің аппараты |
Ұйымдастыруға байланысты курьерлік жұмыстар, үйлерге жүру және халық санағын өткізу, көпшілік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге көмектесу |
27 |
Жыл бойы |
Аудандық бюджет |
13. |
Бұланды ауданы әкімдігі жанындағы "Макинск-Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны |
Коммуналдық шаруашылыққа аумақты тазартуға көмектесу |
4 |
Жыл бойы |
Аудандық бюджет |
14. |
Бұланды ауданы әкімдігі жанындағы "Макинск-Су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны |
Қардан қалашық салу, қардан тазарту, көгалдандыру және көркейту |
24 |
Жыл бойы |
Аудандық бюджет |