Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 желтоқсанда № 1-1-113 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) қалада тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (азаматтарға):
      жол жүру билеттерін сатып алу үшін, аз қамтамасыз етілген отбасыларға жатқызылатын студенттерге және оқуына әлеуметтік көмек көрсету;
      аз қамсыздандырылған отбасылардың балаларын сауықтыру үшін жылына бір рет жолдама сатып алу.
      2) анықталған жағдайларға байланысты, жан басына шаққандағы орта табысына қарамастан, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға):
      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      өрт, су апаты, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда отбасыларға (азаматтарға) біржолғы отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      1, 2 және 3 топ мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, Социалистік Еңбек Ерлеріне сауықтыру үшін санаторлық – курорттық жолдамаға жылына бір рет;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін өтемақы төлеу және мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің жалға беру ақысын аталған қызметтердің төлемдерінің шоттарын ұсынған кезде, үй-жайды жалға алу шартының негізінде жалға алу құнының 100 пайызы мөлшерінде және коммуналдық қызметтерге әр ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш төлеуге;
      зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын осы операция құнының мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және Семей ядролық сынақ полигонындағы аймақтарда зардап шеккен тұлғаларға жолақы құжаттарының негізінде (ары-бері жүруіне) Қазақстан Республикасының аумағындағы госпитальдарға бару үшін темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының бірімен кететін станциядан госпитальге дейін жолақы төлеу;
      білім беру мекемесінің шарты негізінде аз қамсыздандырылған отбасылардың студенттерінің оқуы үшін төлеміне жылына бір рет оқу құнының мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету;
      3) мереке күндері қарсаңында әлеуметтік көмек жиынтық тізілімінің негізінде осы тармақшада көрсетілген адамдарға қаржыны өтінішсіз-ақ, олардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады:
      9 Мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге;
      фашистік лагерьлерде болған кәмелетке толмаған тұтқындарға - 3000 теңге;
      блокадалық Ленинград тұрғындарына - 3000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне - 3000 теңге;
      марапатталған тыл еңбеккерлеріне - 7000 теңге;
      соғыс жылдары 6 және одан да көп ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;
      8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Күміс Алқа», «Алтын Алқа», «Батыр ана» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға - 8000 теңге;
      балаларды қорғау күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 3000 теңге;
      Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарын жоюға қатысқандарды еске алу күніне орай - 5000 теңге.
      2. Өкілетті орган - «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған санаттарға біржолғы материалдық көмек тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      3. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету шығындарын қаржыландыру 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүргізілсін.
      4. Қызметтердің төлемдері «Қазпошта» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы және «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен заңнамада белгіленген тәртіпте жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
      5. Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/12 «Жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік аумақтық тіркелімінде нөмірі 1-1-90 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 қазандағы № 44 «Көкшетау» және 2008 жылғы 23 қазандағы № 44 «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      7.Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының
      30-шы сессияның төрағасы                   Б.Яндиев

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Мұстафина

      КЕЛІСІЛДІ:

      Көкшетау қаласының әкімі                   Б.Сапаров

      «Көкшетау қаласының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» Мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Қ.Ахметов

      «Көкшетау қаласының
      қаржы бөлімі» Мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ө.Ыдырысов

      «Көкшетау қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Омарова