Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/13 "Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін» бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы мәслихатының 2009 жылғы 7 қазандағы № С-28/11 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 қарашада № 1-1-111 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011.04.07 № С-45/6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін» бекіту туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы  № С-6/13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-1-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 17 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және 2008 жылғы 17 қаңтарда «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне, Көкшетау қалалық мәслихатының шешімімен енгізілген кейінгі өзгерістер мен толықтырулармен: 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/14 «Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/13 «Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін» бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-1-89 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 17 қаңтарда «Көкшетау» газетінде № 42 және 2008 жылғы 17 қаңтарда «Степной маяк» газетінде № 42 жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/13 шешімімен бекітілген «Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесінде:
      1 тараудың 10 тармағындағы «сәуір айында есепке қабылданатын шығындар сәуір айы үшін ұсынылған түбіртектерге сәйкес дәлелді шығындар бойынша алынады» сөзі жойылсын;
      2 тарауының 14 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «14. Тұрғын үй көмегі толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Азаматтардан өтініш тоқсан бойы қабылданады. Бірінші рет өтініш берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан тағайындалады»;
      16 тармақтың 1 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «1) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, салық төлеушінің тіркеу нөмірі бірінші рет өтініш берілген кезде»;
      16 тармақтың 3 тармақшасы «азаматтарды тіркеу кітабы» сөзінен кейін «бірінші рет өтініш берген және отбасы құрамы өзгерген жағдайда» сөзімен толықтырылсын;
      16 тармақтың 5 тармақшасы жойылсын;
      18 тармақтағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «18. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша отбасының табысы және коммуналдық төлемдер енгізіліп, отбасына есептеулер жасалады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе бас тартылғаны туралы шешім қабылдау болып табылады.».
      2. Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      28 сессияның төрағасы                      Ә.Молдағалиев

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихаты
      хатшысы                                    Қ.Мұстафина

      КЕЛІСІЛДІ:

      Көкшетау қаласының
      әкімі                                      Б.Сапаров

      Көкшетау қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің
      бастығы                                    Қ.Ахметов

      Көкшетау қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің
      бастығы                                    А.Омарова

      Көкшетау қаласының
      қаржы бөлімі
      бастығы                                    Ө.Ыдырысов