Көкшетау қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/83 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда № 1-1-97 тіркелді.

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңының 31 бабының 13 тарауының, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1 тарауының негізінде, әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға көмек көрсету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.

      Қала әкімі                                       Б.Сапаров