Бұланды, Жақсы және Сандықтау аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтерін тарату және қайта құру туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қазандағы № А-11/432 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-7 шешімі. Ақмола облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 26 қарашада № 3336 тіркелді

Қолданыстағы

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 311 баптарына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № а-9/220 қаулысы мен Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 4С-20/2 шешімі, Жақсы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № А-14/339-2, 2009 жылғы 17 шілдедегі № А-6/224 қаулылары мен Жақсы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № С-5-11, 2009 жылғы 17 шілдедегі № С-20-10 шешімдері, Сандықтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № А-4/123 қаулысы мен Сандықтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 маусымдағы № 1213 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтері таратылсын және қайта құрылсын:
      1) Бұланды ауданы бойынша:
      Камышевка селолық округінің Роза Люксембург атындағы селосы,  олар Отрадное селосының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін.
      2) Жақсы ауданы бойынша:
      Есіл селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
      Жаңақима селолық округі, оның құрамына Трудовое селосы мен таратылған Есіл селолық округінің аумағы енгізіліп, қайта құрылсын.
      Запорожье селолық округінің Донское селосы Лозовое селосының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін.
      3) Сандықтау ауданы бойынша:
      келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік деректерден шығарылсын:
      Хлебное селосының құрамына енгізіліп, Хлебное селолық округінің Ащылы селосы;
      Приозерное селосының құрамына енгізіліп, Жамбыл селолық округінің Березовка селосы;
      Белгородское селосының құрамына енгізіліп, Белгородское селолық округінің Новодобринка селосы;
      Хлебное селолық округі таратылсын және Хлебное селосы әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын.
      2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     А.Рау

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А.Куликов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев