1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Атбасар ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 27 сәуіріндегі № а-4/98, 2009 жылдың 27 сәуіріндегі № а-4/99 қаулылары мен Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 4С 17/3, 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 4С 17/4 шешімдері, Астрахан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 57 қаулысы мен Астрахан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 наурыздағы № 4С-5-8 шешімі, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4/61 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № С-15/8 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтері таратылып, қайта құрылсын:
Атбасар ауданы бойынша:
Қаражар селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Тельман селолық округіне Қаражар селосы мен қысқартылған Қаражар селолық округінің аумағы енгізіліп, қайта құрылсын.
Новомариновка селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Шұңқыркөл селолық округіне Новомариновка селосы мен қысқартылған Новомариновка селолық округінің аумағы енгізіліп, қайта құрылсын.
Новомариновка селосы Шұңқыркөл селолық округінің орталығы болып белгіленсін;
тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Октябрь селолық округінің Николаевка селосы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
2) Астрахан ауданы бойынша:
Қайнар селолық округінің Луговое және Қаратүбек селолары басқа қоныстар категориясына көшіріліп, Қайнар селосының құрамына енгізілсін;
Қайнар селолық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Ұзынкөл селолық округіне Қайнар селосы мен таратылған Қайнар селолық округінің аумағы енгізіліп, қайта құрылсын.
3) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Краснофлот селолық округінің Қайнар селосы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
2. Осы қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының
әкімі А.Рау
Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Б.Судибор
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Ө.Мұсабаев