Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 114/18-ІV "Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда N 540 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда N 99 "Астана ақшамы", 2008 жылғы 21 тамызда N 102 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
шешімнің кіріспесінде "2004 жылғы 24 сәуірдегі" деген сөздер мен сандар "2008 жылғы 4 желтоқсандағы" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесінде:
7-тармақ келесі мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Мұқтаждылық Туберкулезге қарсы диспансермен мынадай критерийлер жиынтығын: әлеуметтік көмек алушының мәртебесі ретінде (жұмыссыз болып табылатын тұлғаларға басымдылық беріледі), белсенді туберкулезбен ауыратындардың отбасы мүшелерінің саны мен оның асырауындағы отбасы мүшелерінің санын, оның тұрғылықты мекен-жайын (емдеу орнынан алшақтылығын) бағалау жолымен белгіленеді.";
8-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы Н. Мещеряков
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин