Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-111 "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 196/31-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 572 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 19-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде N 395 болып тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдеде N 90 "Астана хабары", 2005 жылғы 9 шілдеде N 103-104 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 80/14-IV "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 12 мамырда N 532 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда N 60 "Астана хабары", 2008 жылғы 20 мамырда N 58 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 9 шілдедегі N 115/18-IV "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда N 541 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда N 102 "Астана ақшамы", 2008 жылғы 21 тамызда N 99 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) шешімнің кіріспесі "мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) осы шешіммен бекітілген Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесінде 7 тармақ жойылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрайымы                Н. Петухова

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                      В. Редкокашин