Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 503 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 16 ақпандағы N 61 Бірлескен бұйрықтары. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6077 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (Ж.Қ. Сүлейменов):
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми Интернет ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықтың талаптарын зерделеуді және орындауды ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары А.А. Әубәкіровке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі               Экономика және бюджеттік
________С. Баймағанбетов          жоспарлау министрі
                                  ____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2009 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 503 және       
Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің   
      2010 жылғы 16 ақпандағы  
№ 61 бірлескен бұйрығына 
      қосымша         

Нысан

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тексеру парағы

__________________________________________________________________
      (ішкі істер органының толық атауы, заңды мекен-жайы,
__________________________________________________________________________________________
      телефоны, электрондық пошта мекен-жайы)

Объект _______________________________________________________
                       (атауы, мекен-жайы, тел.)
Заңды тұлға/жеке
кәсіпкер __________________________________________________________
                       (атауы, мекен-жайы, тел.)

Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады:
Нөмірі _____, күні _______.

Лауазымды адам (адамдар) __________________________________________
_____________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә.)

Тексерілетін объектінің басшысы (немесе оны алмастырушы) __________
___________________________________________________________________

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған объектілерге (үй-жайларға) қойылатын талаптар

№ р/с

Талаптар

Иә/Жоқ

1

Үй-жай қосалқы және қызметтік үй-жайлардан оқшауланған


2

Үй-жайдың кірпіштен немесе тастан қаланған қалыңдығы кемінде 500 мм / қалыңдығы кемінде 200 мм бетондық қабырға блоктарынан / қалыңдығы 90 мм екі қабат бетондық тастардан / қалыңдығы 180 мм кем емес темірбетон панельдерінен / күрделі қабырғасы бар.


3

Ішкі қабырғалар сыртқы күрделі қабырғаларға ұқсас орындалған немесе әрқайсысының қалыңдығы 80 мм және олардың арасына ұяшықтары 150 х 150 мм-ден кем емес диаметрі 10 мм-ден кем емес арматуралардан жасалған темір тор салынған жұптастырылған гипстік бетондық панельдерден/темір тормен бекітілген қалыңдығы 120 мм-ден кем емес кірпіштік қалаумен орындалған.


4

Кіретін есіктер ақаусыз, есік қорабына ақаусыз кірігеді, қуыс емес, қалыңдығы 40 мм-ден кем емес, бір-бірінен 300 мм қашықтықта ойып салынған кем дегенде өзі жабылатын екі құлпы бар.


5

Аулаға, тұйық жаққа шығатын есіктер, қосалқы есіктер екі жағынан қалыңдығы 0,6 мм-ден кем емес болат парақтармен есіктің ішкі бетіне қарай бүктеліп немесе есіктің бүйір қабырғасында бір біріне бастырыла қапсырылған. Парақтар периметрі және диагоналдары бойынша диаметрі 3 мм ұзындығы 40 мм шегелермен арасы 50 мм-ден артық емес қашықтықта бекітіледі.


6

Үй-жайдың мықты төбе жабындары және едені бар.


7

Терезе ойығы ішкі жақтан немесе кәсек арасы темір торлармен жабдықталған. Болат шыбықтардың диаметрі 16 мм-ден кем емес және шыбықтар арасы тігінен және көлдеңінен 150 мм-ден артық емес. Шыбықтардың ұшы қабырғаға 80 мм кем емес тереңдікке қағылған және бетон құйылған.


8

Есік ойықтарына орнатылған торлар диаметрі 15 мм-ден кем емес болат шыбықтан жасалған. Шыбықтар 150х150 мм-ден аспайтын ұяшықтарды құра отырып, әрбір қиылысуында дәнекерленген.


9

Терезе ойықтарына орнатылған торлар диаметрі 10 мм-ден кем емес болат шыбықтан жасалған. Шыбықтар 150х150 мм-ден аспайтын ұяшықтарды құра отырып, әрбір қиылысуында дәнекерленген.


10

Қабырғаларды (бөлгіш) күшейту үшін орнатылған торлар диаметрі 15 мм-ден кем емес болат шыбықтан жасалған. Шыбықтар 150х150 мм-ден аспайтын ұяшықтарды құра отырып, әрбір қиылысуында дәнекерленген.


11

Желдеткіш терезелері, люктер бар кезде оларға 100х100 мм-ден аспайтын мөлшердегі ұяшықтары бар болат торлар орнатылған, олар осы жүйе арқылы өту мүмкіндігін болдырмайды.


12

Инженерлік желіні өткізуге арналған қабырғадағы тесіктің диаметрі 200 мм-ден аспайды.


13

Үй-жай күзет-өрт сигнализациясының екі және одан көп шебімен жабдықталған.


14

Күзет сигнализациясы:


- электр қуатының қалқаншасына дейін жасырын сыммен орындалған


- терезелерде сигнализация құрылғылары бар


- есіктерде сигнализация құрылғылары бар


- люктерде сигнализация құрылғылары бар


- қабырғаларда сигнализация құрылғылары бар


- төбелерде сигнализация құрылғылары бар


- едендерде сигнализация құрылғылары бар


15

1, 2 Кестенің Тізіміндегі есірткі құралдары мен психотроптық заттар сейфтерде сақталады (техникалық тұрғыдан нығайтылған үй-жайларда есірткі құралдары мен психотроптық заттарды металл шкафтарды сақтауға рұқсат етіледі)


- сейфтер (металдан жасалған) жабық күйде болады, жұмыс күні аяқталғаннан кейін оларға мөр басылады немесе пломбы салынады


Кілттердің жиынтығы жауапты адамда болады


16

Есірткі құралдарына және психотроптық заттарға рұқсаты бар адамдарда мыналар болуы тиіс:


- тиісті тексеруден өткені туралы уәкілетті органның қорытындысы


- наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерінен нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы алкоголизм ауруларының жоқ екені туралы анықтамасы