Жол полициясының тексерісі бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 476 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 33 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6056 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 843 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 696 бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту.Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 № 843 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.11.2015 № 696 бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) көлік құралдарын пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру парақтарының нысаны;
      2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру парақтарының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С. Тыныбеков):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында орналастыруды;
      3) осы бұйрықтың талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және талаптарын орындауды ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Ж. Күреңбековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі                          С. Баймағанбетов

      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі                           Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2009 жылғы
10 желтоқсандағы № 476 және
Қазақстан Республикасы     
Экономика және бюджеттік   
жоспарлау министрінің      
2010 жылғы 5 ақпандағы     
№ 33 бірлескен бұйрығымен  
бекітілген           

Көлік құралдарын пайдалануға қатысты қызметті
жүзеге асыратын субъектілер үшін
Т Е К С Е Р У  П А Р А Ғ Ы

Тексеру тағайындаған жол полициясы бөлінісі _______________________
___________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт _____________________________________
                                           (№, күні)
Субъектінің атауы _________________________________________________
___________________________________________________________________
СТН (ЖБН, БИН) ____________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы _____________________________________________
___________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі Иә Жоқ
Көлік құралдарына арналған талаптар

1

Белгіленген тәртіппен жол полициясында тіркелген көлік құралдары



2

Пайдаланудағы көлік құралдарының мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы куәлігі бар



3

Пайдалануға берілген көлік құралдары рейс алдында техникалық байқаудан өтеді



4

Пайдаланылатын көлік құралдарының техникалық жағдайы (ақауы жоқ)



Жүргізушілермен жұмыс ұйымдастырудағы қойылатын талаптар

5

Жүргізушілерде басқаратын көлік құралдарына тиісті санатымен жүргізуші куәлігі бар



6

Жүргізушілер рейс алдында медициналық байқаудан өткізіледі



7

Жүргізушілер ағымдағы медициналық байқаудан өткізіледі



8

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізушілердің біліктілігін арттыруға жағдай жасалған



9

Жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге жүргізушілердің дәрігерлерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын жетілдіру жөніндегі шаралар ұйымдастырылған



10

Субъектілердің көлік құралдарының қатысуымен жасалған жол-көлік оқиғаларына талдау жүргізіледі



11

Субъектілердің көлік құралдары жүргізушілері жол жүрісі ережесін бұзғандарына талдау жүргізу



           Тексерістің аяқталған күні ____________________
Жол полициясының лауазымды тұлғалары:
____________________________ ____________ ______________________
          (лауазымы)             (қолы)           (Т.А.Ә.)
____________________________ ____________ ______________________
          (лауазымы)             (қолы)           (Т.А.Ә.)
Субъект жетекшісі, жеке кәсіпкер:
________________________________________________ _______________
              (Т.А.Ә., лауазымы)                   (қолы)

Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2009 жылғы
10 желтоқсандағы № 476 және
Қазақстан Республикасы     
Экономика және бюджеттік   
жоспарлау министрінің      
2010 жылғы 5 ақпандағы     
№ 33 бірлескен бұйрығымен  
бекітілген         

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлауды, қайта
даярлауды жүзеге асыратын субъектілер үшін
Т Е К С Е Р У  П А Р А Ғ Ы

Тексеру тағайындаған жол полициясының бөлінісі ____________________
___________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акт _____________________________________
                                           (№, күні)
Субъектінің аты ___________________________________________________
___________________________________________________________________
СТН (ЖБН, БИН) ____________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы _____________________________________________
___________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі Иә Жоқ
Материалды-техникалық базасына талаптар

1

Сабақ өткізілетін үй-жайлар (жалға алуға рұқсат етіледі)



2

Жүргізушілерді даярлау, қайта даярлауға бекітілген үлгі және оқу бағдарламаларына сәйкес оқу процессін жүргізуін қамтамасыз ететін жабдықтары (оқу және зертханалық)



3

Оқу өткізілетін санат бойынша көлік құралдары



4

Көлік құралдары тәжірибелік жүргізуді үйрету үшін қажетті, бекітілген талаптарға сәйкес жүруді үйретуге арналған



5

Пайдаланылатын көлік құралдарының техникалық жағдайының ақауы жоқ



6

Оқу құжаттарының стенді



7

Жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау мәселелері бойынша өзекті нормативтік құжаттардың қоры бар



Персоналдарға қойылатын талаптар

8

- Автомобиль мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі бар
- автомобильді жүргізу бойынша өндірістік оқудың оқытушылары мен шеберлері бар;



- оқыту жүргізілген санаттағы жүргізуші куәлігі;



- жүргізуші өтілі кемінде 5 жыл;



Оқу процессіне қойылатын талаптар

9

Үлгілік бағдарламалар пәндері бойынша оқу және тақырыптық жоспарлары



10

Ұйымдармен бекітілген, тақырыптық негізінде әзірленген оқу бағдарламалар бар



11

Сабақ кестесі



12

Жүргізу кестесі



13

Бағыттың сызбасы



           Тексерістің аяқталған күні ____________________
Жол полициясының лауазымды тұлғалары:
____________________________ ____________ ______________________
          (лауазымы)             (қолы)           (Т.А.Ә.)
____________________________ ____________ ______________________
          (лауазымы)             (қолы)           (Т.А.Ә.)
Субъект жетекшісі
________________________________________________ _______________
              (Т.А.Ә., лауазымы)                   (қолы)