Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 266 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6041 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қордың меншікті активтерінің есебінен мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің (бұдан әрі – № 189 ереже) 3-тарауында белгіленген тәртіппен жасалады.»;
      13-тармақта:
      мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «Жылдық жалпы кіріс салық салғанға дейінгі таза жылдық кіріс пен Қордың К2 номиналды кіріс коэффициентін өтеу жөніндегі шартты міндеттемесі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға көрсетілген резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі қаржы бөлудің жылдық мөлшерінің сомасы ретінде анықталады.
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық жалпы кіріс салық салғанға дейінгі таза жылдық кіріс пен Қордың консервативті портфель бойынша К2.1 номиналды кіріс және (немесе) қалыпты портфель бойынша К2.2 коэффициенттерін ықтимал өтеуі бойынша резервтерді қалыптастыруға көрсетілген резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі қаржы бөлудің жылдық мөлшерінің сомасы ретінде анықталады.»;
      жиырма үшінші абзацта «2) тармақшасында» деген сөз және цифр «тоғызыншы абзацта» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қырық төртінші абзацта «1) тармақшасында» деген сөз және цифр «он жетінші абзацта» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы қырық бесінші, қырық алтыншы және қырық жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      «2012 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      М – баланс бойынша міндеттеме, сондай-ақ Қордың меншікті қаржысы бойынша міндеттемелерінде көрсетілмеген, қалыптастырылған резервтің сомасы;
      МЗА – тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген, Қордың консервативті, қалыпты және агрессивті инвестициялық портфельдерi бойынша жиынтығында есептелетiн, Қордың инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдарының құны.»;
      15-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген, зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақы бойынша және зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кірісі бойынша дебиторлық берешек.»;
      16-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы, Қордың жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары басқа активтер ретінде танылады.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Қордың номиналды кiрiстiлiк көрсеткiшi Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі – № 181 нұсқаулық) 3-тарауына сәйкес есептелген К2 номиналды кiрiс коэффициентiмен сипатталады.»;
      22-тармақта «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 31-бабының 4-тармағына сәйкес» деген сөздер «№ 181 Нұсқаулықтың 29-тармағында көрсетілген формула бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «23-1. Қор күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдердегі зейнетақы активтері бойынша барынша төмен деңгейден төмен емес кiрiстiлiк алуды қамтамасыз ету мақсаттары үшін Қордың консервативті (К2.1) және (немесе) қалыпты (К2.2) инвестициялық портфелі бойынша жеке номиналды кiрiстiлiк көрсеткiштерiнің және инвестициялық портфельдің тиісті түрі бойынша кiрiстiлiктің барынша төмен мәнінің арасындағы айырманы есептеуді дербес жүргізеді.
      23-2. Консервативті портфель бойынша К2.1 және (немесе) қалыпты инвестициялық портфель бойынша К2.2 коэффициентінің және портфельдің тиісті түрі бойынша кiрiстiлiктің барынша төмен мәнінің арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптар жылдың қорытындылары бойынша қолданысқа енгізіле бастайды.»;
      25-тармақта «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 57-бабына» деген сөздер «№ 181 Нұсқаулықтың 4-тарауына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
      «27-1. Қордың консервативті портфелі бойынша К2.1 және (немесе) қалыпты инвестициялық портфелі бойынша К2.2 коэффициенті алдыңғы есепті кезеңдегі портфельдің тиісті түрі бойынша номиналды кірістің түзетілген орташа мөлшерленген коэффициенттерінің мәнінен он бес пайыздан жоғары теріс ауытқыған кезде Қор № 181 Нұсқаулықтың 4-тарауына сәйкес болашақта консервативті портфель бойынша К2.1 және (немесе) қалыпты портфель бойынша К2.2 коэффициенттерін ықтимал өтеу бойынша резервтерді қалыптастырады.»;
      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
      «54-1. Қордың зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері осы тарауда белгіленген инвестициялардың мөлшерінен аспайды.»;
      55-тармақ «Ұйым үшін» деген сөздерден кейін «№ 181 Нұсқаулықта» деген сөзбен және цифрлармен толықтырылсын;
      57-тармақ «Ұйым үшін» деген сөздерден кейін «№ 181 Нұсқаулықта» деген сөзбен және цифрлармен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

«6-1-тарау. «Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын өтеу және Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын ықтимал өтеу бойынша резервті қалыптастыру» пруденциалдық нормативі

      57-1. Егер салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын агрессивті инвестициялық портфельден осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы Қордың осы агрессивті инвестициялық портфеліне осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналарының сомасына қарағанда аз шаманы құрайтын болса, Қорда салымшылардың (алушылардың) алдында осы айырманы өтеу бойынша нақты міндеттеме пайда болады.
      Айырманы өтеу мынадай формула бойынша жүзге асырылады:
      егер:                PAt < (PA1 + St),
      онда:                Cm = (PA1 + St) – PAt, мұнда
      t – салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күнінен осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзеге асыру күніне дейінгі аралықтағы кезең;
      Cm – Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналары сомасының және агрессивті инвестициялық портфельден осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының арасындағы айырманы нақты өтеу сомасы;
      PAt – Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен күнінің және осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзеге асыру күніне дейінгі аралықтағы кезеңдегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты;
      РА1 – салымшылардың (алушылардың) Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен сәтіндегі жинақталған зейнетақы қаражаты;
      St – Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне жарналардың бастапқы келіп түскен сәтінен бастап және осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзеге асыру күніне дейінгі кезеңде инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы:
           t
      St = еSn n = 2, 3,..., t болған кезде, мұнда
          n = 2

      Sn = (Sn-1 * In + Pn), мұнда
     
      n – есепті ай (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай);
      Sn – Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күннен бастап және есепті айдың соңына дейін n айда инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы;
      Sn-1 - Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күннен бастап және есепті айдың соңына дейін өткен n-1 айда инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай);
      In – n айда пайыздардағы инфляция;
      Рn – n айда міндетті зейнетақы жарналарының келіп түсуі.
      Бірінші айда салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне келіп түсуі:
      S1 = P1
      Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналары сомасының және агрессивті инвестициялық портфельден осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының арасындағы айырманы ықтимал өтеудің орнын толтыру үшін Қор мынадай формула бойынша есептелетін 100 (жүз) пайыз мөлшерінде резервті қалыптастырады:
      егер:            PAn <( PA1 + Sn),
      онда:            Arn = (PA1 + Sn) – PAn, мұнда
      Arn – n айдағы резерв сомасы;
      PAn – Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылар (алушылар) жарналарының бастапқы келіп түскен күнінен бастап және есепті айдың соңына дейін өткен n айдағы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай).
      57-2. Қор резервті ай сайын есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына есептейді.
      57-3. Бұдан бұрын қалыптастырылған резервтің сомасы ағымдағы сәтте қалыптастыруға қажетті резервтің сомасынан асқан жағдайда Қордың резервті (резервтің бөлігін) қалпына келтіруіне жол беріледі.»;
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Қор бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырған жағдайда, пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесіне сәйкес анықталады.»;
      1-қосымшаның «Кредиттік тәуекел» кестесінде:
      реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

35

№ 189 ереженің 1-қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтін қаржы құралдары


200


                                                             »;
      реттік нөмірі 35-1-жолдың төртінші бағанында «300» деген цифрлар «200» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      3-қосымшаның «Ерекше пайыздық тәуекел» кестесінің реттік нөмірі 5-жолында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 25-бабының 2-1-тармағының 1) тармақшасының» деген сөздер «№ 189 ереженің 1-қосымшасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-қосымшаның «Қор тәуекелі» кестесінің реттік нөмірі 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«

8

№ 189 ереженің 1-қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтін қаржы құралдарының құны


0,16


                                                            »;
      8-қосымшаның «Қаржы құралының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелді (қор тәуекелін) есептеу» кестесінің реттік нөмірі 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

8

№ 189 ереженің 1-қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтін қаржы құралдарының құны


0,12


                                                            »;
      9-қосымшаның «К1 коэффициентінің мәнін есептеу» кестесінде:
      реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

24

Шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген, зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақы бойынша және зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кірісі бойынша дебиторлық берешек


100


                                                            »;
      реттік нөмірі 24.1, 24.2-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

25

Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшерде Қордың жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары


100


                                                            »;
      реттік нөмірі 25.1, 25.2, 25.3-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27.1, 27.2, 27.3-жолдармен толықтырылсын:
«

25

К2.1 коэффициентін ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


100


27.2

К2.2 коэффициентін ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


100


27.3

Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


100


                                                            »;
      10-қосымшаның «К1 коэффициентінің пруденциалдық нормативін есептеуге арналған қосымша мәліметтер» кестесінде:
      реттік нөмірі 8008-жолда «Шарттың талаптары бойынша 3 (үш) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге мерзімі өткен» деген сөздер «Шарттың талаптары бойынша мерзімі өтпеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8009-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8015, 8016, 8017 - жолдармен толықтырылсын:
«

8015

К2.1 коэффициентін ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


8016

К2.2 коэффициентін ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


8017

Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


                                                             ».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 174 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      2. Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ұйымның меншікті активтерінің есебінен мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің (бұдан әрі – № 189 ереже) 3-тарауында белгіленген тәртіппен жасалады.»;
      13-тармақта:
      мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «Жылдық жалпы кіріс салық салғанға дейінгі таза жылдық кіріс пен Қордың К2 номиналды кіріс коэффициентін өтеу жөніндегі шартты міндеттемесі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға көрсетілген резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі қаржы бөлудің жылдық мөлшерінің сомасы ретінде анықталады.
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық жалпы кіріс салық салғанға дейінгі таза жылдық кіріс пен Қордың консервативті портфель бойынша К2.1 номиналды кіріс және (немесе) қалыпты портфель бойынша К2.2 коэффициенттерін ықтимал өтеуі бойынша резервтерді қалыптастыруға көрсетілген резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі қаржы бөлудің жылдық мөлшерінің сомасы ретінде анықталады.»;
      мынадай мазмұндағы қырық бесінші, қырық алтыншы және қырық жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      «2012 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      М – баланс бойынша міндеттеме, сондай-ақ Қордың меншікті қаржысы бойынша міндеттемелерінде көрсетілмеген, қалыптастырылған резервтің сомасы;
      МЗА – тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген, Қордың консервативті, қалыпты және агрессивті инвестициялық портфельдерi бойынша жиынтығында есептелетiн, Қордың инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдарының құны.»;
      15-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген, зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақы бойынша және зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кірісі бойынша дебиторлық берешек.»;
      16-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы, Ұйымның жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары басқа активтер ретінде танылады.»;
      мынадай мазмұндағы 31-1, 31-2, 31-3, 31-4, 31-5, 31-6, 31-7-тармақтармен толықтырылсын:
      «31-1. Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны мен орташа құны, шартты бірліктерінің саны 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Нұсқаулықтың 19–22-тармақтарына сәйкес Қордың консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдерi бойынша жеке есептеле бастайды.
      31-2. Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны 100 (жүз) теңгеден бастап Қордың консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдерi бойынша жеке есептеледі.
      31-3. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап К2 номиналды кіріс коэффициенті зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың консервативті (К2.1) және (немесе) қалыпты (К2.2) инвестициялық портфельдерi бойынша жеке есептеледі.
      31-4. Он екі, отыз алты, алпыс және одан астам ай осы Ұйымның инвестициялық басқаруында болған консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдер бойынша номиналды кіріс коэффициенттері консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдерді қалыптастырған күннен бастап толық он екі, отыз алты, алпыс және одан астам ай өткен соң есептеле бастайды.
      31-5. Номиналды кірістің орташа мөлшерленген коэффициенттері 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап он екі, отыз алты, алпыс және одан астам ай (К2 коэффициентін есептеу жүзеге асырылған кезеңнің бірінші айының бірінші күнтізбелік күніндегі жағдай бойынша) осы Ұйымның немесе басқа Ұйымдардың инвестициялық басқаруында болған консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдер бойынша «таза» зейнетақы активтерінің ағымдағы құны бойынша осы Нұсқаулықтың 26-28-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін барлық Қорлар бойынша К2 коэффициенттерінің орташа мөлшерленген шамасы ретінде бірдей кезең үшін есептеледі.
      31-6. Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың жеке консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдер бойынша К2 коэффициентінің және портфельдің тиісті түрі бойынша кірістіліктің барынша төмен мәнінің арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптар жылдың қорытындылары бойынша қолданысқа енгізіле бастайды және осы Нұсқаулықтың 29–31-тармақтарына сәйкес есептеледі.
      31-7. Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың жеке консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдері бойынша К2 коэффициентінің және портфельдің тиісті түрі бойынша кірістіліктің барынша төмен мәнінің арасындағы теріс айырманы өтеу 12 (он екі) айдағы номиналды кірістің түзетілген орташа мөлшерленген коэффициентінің негізінде есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
      «36-1. Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың консервативті және (немесе) қалыпты инвестициялық портфельдері бойынша К2.1 және (немесе) К2.2 номиналды кіріс коэффициентін ықтимал өтеу бойынша резерв 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап және осы Нұсқаулықтың 32-36-тармақтарына сәйкес есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 63-1-тармақпен толықтырылсын:
      «63-1. Қордың зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері осы тарауда белгіленген инвестициялардың мөлшерінен аспайды.»;
      6–тарауда:
      «37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44» тармақтарының нөмірлері тиісінше «64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71» деген нөмірлермен ауыстырылсын;
      71-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлемінде «аспайтын» деген сөз «ерте емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «72. Бағалы қағаздар бойынша резервтер (провизиялар) мөлшері осы бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын ықтимал шығындардың орнын толтыру үшін бұдан бұрын қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) ескермегенде, бағалы қағаздардың ағымдағы (баланстық) құны бойынша есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

«6-1–тарау. «Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын өтеу және зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын ықтимал өтеу бойынша резервті қалыптастыру» пруденциалдық нормативі

      72-1. Егер салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын агрессивті инвестициялық портфельден зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың осы агрессивті инвестициялық портфеліне осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналарының сомасына қарағанда аз шаманы құрайтын болса, Ұйымда зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың алдында осы айырманы өтеу бойынша нақты міндеттеме пайда болады.
      Айырманы өтеу мынадай формула бойынша жүзге асырылады:
      егер:                PAt < (PA1 + St),
      онда:                Cm = (PA1 + St) – PAt, мұнда
      t – салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күнінен зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзге асыру күніне дейінгі аралықтағы кезең;
      Cm – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналары сомасының және агрессивті инвестициялық портфельден зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының арасындағы айырманы нақты өтеу сомасы;
      PAt – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен күнінің және зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзеге асыру күніне дейінгі аралықтағы кезеңдегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты;
      РА1 – салымшылардың (алушылардың) зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен сәтіндегі жинақталған зейнетақы қаражаты;
      St – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне жарналардың бастапқы келіп түскен сәтінен бастап және зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды нақты жүзеге асыру күніне дейінгі кезеңде инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы:
           t
      St = еSn n = 2, 3, ..., t болған кезде, мұнда
          n = 2

      Sn = (Sn-1 * In + Pn), мұнда
      n – есепті ай (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай);
      Sn – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күннен бастап және есепті айдың соңына дейін n айда инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы;
      Sn-1 – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне бастапқы келіп түскен күннен бастап және есепті айдың соңына дейін өткен n-1 айда инфляцияның жинақталған деңгейін ескергенде салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы жарналарының сомасы (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай);
      In – n айда пайыздардағы инфляция;
      Рn - n айда міндетті зейнетақы жарналарының келіп түсуі.
      Бірінші айда салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне келіп түсуі:
                           S1 = P1
      Зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының бастапқы келіп түскен кездегі, сондай-ақ инфляция деңгейін ескергенде осы салымшылардың (алушылардың) агрессивті инвестициялық портфельде болған кезеңде келіп түскен жарналары сомасының және агрессивті инвестициялық портфельден зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы осы Қордың консервативті немесе қалыпты инвестициялық портфеліне не басқа қорға аударым жасауды жүзеге асыру күнінде осы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының арасындағы айырманы ықтимал өтеудің орнын толтыру үшін Ұйым мынадай формула бойынша есептелетін 100 (жүз) пайыз мөлшерінде резервті қалыптастырады:
      егер:            PAn <( PA1 + Sn),
      онда:            Arn = (PA1 + Sn) – PAn, мұнда
      Arn – n айдағы бағалау резервтерінің (провизияларының) сомасы;
      PAn – зейнетақы активтері осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың агрессивті инвестициялық портфеліне салымшылар (алушылар) жарналарының бастапқы келіп түскен күнінен бастап және есепті айдың соңына дейін өткен n айдағы салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты (есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына қарай).
      72-2. Ұйым резервті ай сайын есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңына есептейді.
      72-3. Бұдан бұрын қалыптастырылған резервтің сомасы ағымдағы сәтте қалыптастыруға қажетті резервтің сомасынан асқан жағдайда Ұйымның резервті (резервтің бөлігін) қалпына келтіруіне жол беріледі.»;
      77-тармақта «Қордың» деген сөз «Ұйымның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      78-тармақта «Қордың», «Қор» деген сөздер тиісінше «Ұйымның», «Ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «79. Ұйым бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырған жағдайда, пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесіне сәйкес анықталады.»;
      1-қосымшаның «Кредиттік тәуекел» кестесінде:
      реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

35

№ 189 ереженің 1-қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтін қаржы құралдары


200


                                                            »;
      реттік нөмірі 35-1-жолдың төртінші бағанында «300» деген цифрлар «200» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      3-қосымшаның «Айрықша пайыздық тәуекел» кестесінің реттік нөмірі 5-жолында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 25-бабының 2-1-тармағының 1) тармақшасының» деген сөздер «№ 189 ереженің 1-қосымшасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-қосымшаның «Қор тәуекелі» кестесінің реттік нөмірі 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«

8

№ 189 ереженің 1-қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтін қаржы құралдарының құны


0,16


                                                            »;
      8-қосымшаның «Қаржы құралының (қор тәуекелінің) нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел есебі» кестесінің реттік нөмірі 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«

8

№ 189 ереженің 1-қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтін қаржы құралдарының құны


0,12


                                                            »;
      9-қосымшаның «К1 коэффициенті мәнінің есебі» кестесінде:
      реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

24

Шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген, зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақы бойынша және зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кірісі бойынша дебиторлық берешек


100


                                                            »;
      реттік нөмірі 24.1, 24.2-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

25

Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомада Ұйымның жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары


100


                                                            »;
      реттік нөмірі 25.1, 25.2, 25.3-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27.1, 27.2, 27.3-жолдармен толықтырылсын:
«

27.1

К2.1 коэффициентін ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


100


27.2

К2.2 коэффициентін ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


100


27.3

Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


100


                                                            »;
      14-қосымшаның «Пруденциалдық нормативтер есебі үшін қосымша мәліметтер» кестесінде:
      реттік нөмірі 8008-жолда «үш күнтізбелік күннен аспайтын шарт талаптары бойынша мерзімі өткен» деген сөздер «шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8009-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8015, 8016, 8017-жолдармен толықтырылсын:
«

8015

К2.1 коэффициентін ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


8016

К2.2 коэффициентін ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


8017

Қордың агрессивті инвестициялық портфелiндегі салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатын ықтимал өтеу бойынша қалыптастырылған резервтің сомасы


       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 174 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.                                                     ».
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 174 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. Осы қаулы:
      2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он бесінші, он алтыншы, жетпіс біріншіден жетпіс үшіншіге дейінгі, сексенінші, сексен бірінші, 2-тармағының он үшінші, он төртінші, жетпіс бесіншіден жетпіс жетіншіге дейінгі, сексен төртінші, сексен бесінші, 3-тармағының он екінші, он үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, қырық төртіншіден қырық алтыншыға дейінгі, елу үшінші, елу төртінші, алпыс жетіншіден алпыс тоғызыншыға дейінгі, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші абзацтарын;
      2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он сегізінші, он тоғызыншы, жетпіс төртіншіден жетпіс алтыншыға дейінгі, 2-тармағының он алтыншы, он жетінші, жетпіс сегізіншіден сексеніншіге дейінгі, 3-тармағының он бесінші, он алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырық жетіншіден қырық тоғызыншыға дейінгі, жетпісіншіден жетпіс екіншіге дейінгі, жетпіс төртіншіден жетпіс алтыншыға дейінгі абзацтарын;
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он біріншіден он төртіншіге дейінгі, жиырма үшіншіден жиырма бесіншіге дейінгі, жиырма жетіншіден отызыншыға дейінгі, отыз үшіншіден елу сегізіншіге дейінгі, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, 2-тармағының тоғызыншыдан он екіншіге дейінгі, он сегізіншіден жиырма тоғызыншыға дейінгі, отыз бесіншіден алпысыншыға дейінгі, сексен бірінші, сексен екінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, 3-тармағының сегізіншіден он біріншіге дейінгі, он жетінші, он сегізінші, елуінші, елу бірінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) осы қаулының 4-тармағында көрсетілген мерзімде «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін енгізілген жетілдіруді қамтамасыз етсін.
      7. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                 Е. Бахмутова