Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 265 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6039 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілерінің № 11 жинағында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесінде:
      2-тармақта «басқа» деген сөзден кейін «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі» деген сөздермен толықтырылып, «уәкілетті органмен» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың бірінші бөлігінде:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), № 77 қаулымен көзделген «борыштық бағалы қағаздар» секторының «бірінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), осы тармақтың 7), 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, мынадай талаптарға сәйкес келетін:
      қор биржасымен танылған рейтингтік агенттіктер бағаларының болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жылда жүзеге асырылды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептіліктің стандарттарына (General Accepted Accounting Principles – GAAP) сәйкес жасайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
      аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін беріледі;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан көп немесе тең. Сонымен қатар, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісінше қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      соңғы екі жылдың біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісінше қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісінше қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
      қор биржасының ресми тізімінде осы бағалы қағаздардың болған уақытында борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің бар болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;»;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген жұмысшылардың және басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, брокерге және дилерге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі брокердің және дилердің негізгі қаражаты.»;
      4-тармақта:
      «Агенттік» деген сөз «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «2008 жылғы 22 тамыздағы № 119» деген сөздер мен цифрлар «2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215» деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
      «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (әрі қарай – уәкілетті орган)» деген сөздер «(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қосымшада:
      «пруденциалдық нормативті есептеу» деген кестеде:
      реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар мынадай редакциияда жазылсын:
«

8.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулымен көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген брокерге және дилерге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары


70


9.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулымен көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген брокерге және дилерге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары


50


                                                           »;
      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

12.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), № 77 қаулымен көзделген «бірінші шағын санаттың (ең жоғарғы санат) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған брокерге және дилерге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


                                                            »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:
«

12-1.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), осы Ереженің 3-тармағының 8-1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған брокерге және дилерге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


                                                            »;
      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

23.

Брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі кешіктірілмеген қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергендегі брокерге және дилерге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі)


100


                                                            »;
      реттік нөмірі 23.1, 23.2-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

24.

Брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі брокердің және дилердің негізгі қаражаты


100


                                                            »;
      реттік нөмірлері 24.1, 24.2, 24.3-жолдар алынып тасталсын;
     «пруденциалдық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтер» деген кестеде:
      реттік нөмірі 8001-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

8001

Брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі брокердің және дилердің негізгі қаражаты


                                                           »;
      реттік нөмірі 8002 және 8003-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 8005-жолда «шарт талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге мерзімі өткен дебиторлық берешек» деген сөздер «брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8006-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірлері 8012 және 8013-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

8012

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулымен көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген брокерге және дилерге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары


8013

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулымен көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген брокерге және дилерге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары


                                                           »;
      реттік нөмірі 8016-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

8016

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), № 77 қаулымен көзделген «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған брокерге және дилерге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


                                                            »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8016-1-жолмен толықтырылсын:
«

8016-1

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), осы Ереженің 3-тармағының 8-1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған брокерге және дилерге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


                                                            ».
      2. Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін, 2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1, 2, 3-тармақтарының жиырма екінші, жиырма үшінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы абзацтарын және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1, 2, 3-тармақтарының жиырма төртінші, жиырма бесінші, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтарын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
      5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) осы қаулының 4-тармағында көрсетілген мерзімде «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені әзірлеуді қамтамасыз етсін.
      7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                       Е. Бахмутова