Қолданушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:
1-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:
«
11-1 |
Міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынған есептік жылдағы ағымдағы кірістер |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24-1, 24-2, 24-3-жолдармен толықтырылсын:
«
24-1 |
Банктің шартты және ықтимал міндеттемелері |
|
24-2 |
Банктің шартты және ықтимал міндеттемелері бойынша провизиялар |
|
24-3 |
Активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша банкке ақша және тазартылған қымбат металл түрінде берілген қамтамасыз ету |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 50-1, 50-2-жолдармен толықтырылсын:
«
50-1 |
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнаулы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы |
|
50-2 |
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнаулы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің барынша жоғарғы сомасының коэффициенті |
»;
2-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 69-2-жолмен толықтырылсын:
«
69-2 |
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнаулы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар |
100 |
»;
22-қосымшада:
реттік нөмірі 6-1-жолдың екінші бағанасы «бас банкі алдындағы» деген сөздерден кейін «бір жылға дейін өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-3-жолмен толықтырылсын:
«
6-3 |
Бір жылдан астам өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен Қазақстан Республикасының резиденті емес бас банкі алдындағы ұзақ мерзімді реттелген борыштық міндеттемелер |
»;
реттік нөмірі 18-жолдың екінші бағанасындағы «банкпен» деген сөз «Қазақстан Республикасының резиденттері еместен» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-қосымшада:
реттік нөмірі 8406-жолдың екінші бағанасы «бас банкінің алдындағы» деген сөздерден кейін «бір жылға дейін өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8416, 8417, 8418, 8419, 8420, 8421, 8422, 8423, 8424, 8425, 8426-жолдармен толықтырылсын:
«
8416 |
Банктің арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдарының салымдарын және банкаралық салымдарды қоспағанда, Астана мен Алматы қалаларынан тыс тіркелген, жеке және заңды тұлғалардан қабылданған депозиттердің сомасы |
ай сайын |
|
8417 |
Банктің арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдарының салымдарын және банкаралық салымдарды қоспағанда, өзге депозиттер |
ай сайын |
|
8418 |
Банкаралық кредиттерді және «Кері РЕПО» операцияларын қоспағанда, Астана мен Алматы қалаларынан тыс тіркелген, банкпен аффилиирленбеген заемшыларға берілген кредиттердің сомасы |
ай сайын |
|
8419 |
Банкаралық кредиттерді және «Кері РЕПО» операцияларын қоспағанда, өзге кредиттер |
ай сайын |
|
8420 |
Кастодиандық шарт талаптарымен Қазақстан Республикасының резиденттері емесінен алынған қаражаттың инвестицияланбаған қалдығы |
ай сайын |
|
8421 |
Кастодиандық шарт талаптарымен Қазақстан Республикасының резиденттерінен алынған қаражаттың инвестицияланбаған қалдығы |
күн сайын |
|
8422 |
Бір жылдан астам өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен Қазақстан Республикасының резиденті емес бас банкі алдындағы ұзақ мерзімді реттелген борыштық міндеттемелер |
ай сайын |
|
8423 |
Міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынған есептік жылдағы ағымдағы кірістер |
ай сайын |
|
8424 |
Активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша банкке ақша және тазартылған қымбат металл түрінде берілген қамтамасыз ету |
ай сайын |
|
8425 |
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнаулы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы |
ай сайын |
|
8426 |
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнаулы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар |
ай сайын |
».
2. Осы қаулының 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алтыншы, жетінші абзацтарын және жиырма бірінші абзацтың реттік нөмірі 8424-жолын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде «Екінші деңгейдегі банктерден есептік-статистикалық ақпаратты жинау және өндеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова