Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 262 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6026 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген, № 9 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      4-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацындағы «екінші» деген сөз «үшінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацындағы «екінші» деген сөз «үшінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-4-тармақ «эмитенттің директорлар кеңесі» деген сөздерден кейін «(акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі)» деген сөздермен толықтырылсын;
      13-5-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «директорлар кеңесі» деген сөздер «эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-7. Іс-шаралар жоспарын қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі – листингтік комиссия) қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді.
      Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
      Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары» шағын санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
      Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары» шағын санатына аударым жасалуы тиіс.
      Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс.
      Эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болған кезеңде эмитент эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекітетін іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізе алады.
      Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдау не қабылдамау туралы шешімді листингтік комиссия қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдамау туралы шешім эмитенттің бағалы қағаздары делистинг үшін негіздемелер болмаған жағдайда, осы қаулының 13-13, 13-14, 13-16-тармақтарына сәйкес «буферлік санат» санатында қалатыны туралы ақпаратты қамтиды.»;
      13-10-тармақтың бірінші абзацы «тоқсан сайынғы негізде» деген сөздерден кейін «және қор биржасының ресми сұратуы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      13-12-тармақтағы «құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының» деген сөздер «листингтік комиссияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-16-тармақта:
      5) тармақша «эмитенттің директорлар кеңесі» деген сөздерден кейін «(акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі)» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшада:
      «эмитенттің директорлар кеңесі» деген сөздерден кейін «(акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «10 және 11-тармақтарының» деген сөздер мен цифрлар «10-тармағының 1) - 8), 10) тармақшаларының және 11-тармағының» деген сөздер мен цифрларға ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және «Қазақстан қор биржасы» Акционерлік қоғамға мәлімет үшін жеткізсін.
      4. «Қазақстан қор биржасы» Акционерлік қоғамға осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                     Е. Бахмутова