«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай телекоммуникациялар желілерін нөмірлеудің ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтары күшін жойғанын мойындау.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Ә.Е. Баймұратов) белгіленген заңнамалық тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Төраға Қ. Есекеев
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 559 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар
желілерінің нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесі
1. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу ресурстарын тарату және пайдалану ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желілерінің (бұдан әрі – ҚР БТЖ) нөмірлеу ресурстарын, оның ішінде Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын ескере отырып, телефон байланыс қызметін және нөмірлеу ресурстарын пайдаланумен қамтамасыз етілетін қызметті көрсетуге арналған халықаралық байланыс желілерінің қазақстандық сегменттерін тарату және пайдалану тәртібін анықтайды.
2. ҚР БТЖ нөмірлеудің ресурстарын реттеу мемлекеттің ерекше функциясы болып табылады.
Мемлекеттік реттеу оларға нөмірлеудің ресурсын тағайындау бойынша байланыс операторларының, қызмет провайдерлерінің және желі иелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында:
1) байланыс қызметтерін ұсыну немесе басқарушылық мақсаттардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін;
2) телефондық нөмірлеу ресурстарын пайдаланатын телекоммуникациялар желілерінің ұтымды дамуы мен өзара әрекеті үшін;
3) байланыстың жаңа қызметтерін енгізу үшін жүзеге асырылады.
3. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) нөмірлеудің қолжетімді ресурсы – қолдануға техникалық мүмкіндігі бар нөмірлеудің бос ресурсы;
2) осы аумақта немесе DEF кодымен нөмірлеу аймағында нөмірлеу ресурсының шектелімі – осы аумақта немесе DEF кодымен нөмірлеу аймағында жұмыс істейтін телекоммуникациялар желілерінің жағдайы, бұл ретте барлық байланыс операторларына бөлінген және байланыс операторларының өтініші бойынша сұралатын нөмірлеу ресурсы қолжетімдіден 90% жоғары;
3) желілердің нөмірлеу сыйымдылығы – телекоммуникациялар желілерінің ақырғы пайдаланушылық жабдығын сәйкестендіретін нөмірлер саны;
4) желілер нөмірлеудің жоспарланған сыйымдылығы – белгілі кезеңге желілер дамыған кезінде байланыс операторы жеткізуді жоспарлайтын телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу сыйымдылығы;
5) желілер нөмірлеудің қолданыстағы сыйымдылығы – желіде жалғанған барлық ақырғы (пайдаланушылық) жабдықтарды сәйкестендіретін нөмірлерді, сонымен қоса бақылауда және қызметтік мақсаттарда қолданылатын нөмірлерді, сондай-ақ оларға қызмет көрсеткені үшін абоненттік төлем алынатын, пайдаланушымен броньдалған нөмірлерді есепке алатын, желілер нөмірлеудің сыйымдылығы;
6) желілер нөмірлеудің максималды мүмкін сыйымдылығы – нөмірлеудің белгілеу желісінде қабылданған шеңберінде желілер нөмірлеудің максималды сыйымдылығы;
7) нөмірлеу ресурсын алушы – байланыс операторы, қызметтер провайдері, ведомстволық телекоммуникациялар желісінің, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желісінің, корпоративті желінің иесі;
8) қызмет провайдері – меншікті байланыс инфрақұрылымы жоқ және пайдаланушыларға байланыс операторларының желілері арқылы телекоммуникация қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға.
4. Телекоммуникациялар желілері үшін нөмірлеу ресурсын тағайындау байланыс қызметтерін көрсету саласындағы қызметті іске асыру лицензиясы бар, ведомстволық корпоративті желілердің және арнайы тағайындалған телекоммуникация желілерінің иелерін, байланыс операторларының, қызмет провайдерлерінің өтініші бойынша уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
5. Телефондық байланыс қызметтерін және телефондық нөмірлеуді пайдаланумен қамтамасыз етілетін қызметтерді көрсетуге арналған Қазақстан Республикасы БТЖ нөмірлеудің ресурсы (бұдан әрі – нөмірлеу ресурсы):
1) жалпы пайдаланылатын телекоммуникациялар желілерінің (ЖПТЖ) географиялық анықталатын нөмірлеу аймағының «АВС» кодтары;
2) нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағында жергілікті телекоммуникациялар желілерінің «Х1», «Х1Х2» және «Х1Х2Х3» индекстері;
3) мобилді телекоммуникациялық байланыс желілерінің, соның ішінде ұялы байланыс желілерінің, жылжымалы радиотелефонды байланыс желілерінің, транкингтік байланыс желілерінің, жылжымалы жерсеріктік байланыс желілерінің географиялық емес анықталатын нөмірлеу аймағының «DEF» кодтары;
4) ведомстволық телекоммуникациялар желілерінің, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желілерін, корпоративті желілерін географиялық емес анықталатын нөмірлеу аймағының «DEF» кодтары;
5) байланыс операторлары өзінің абоненттеріне – желі уческелерінің әр түрлі әкімшілік аумақтарына бөлінген біріктіруді талап ететін қосымша қызметтердің заңды тұлғаларына ұсыну үшін тіркелген телефонды байланыс желілерінің географиялық емес анықталатын нөмірлеу аймағының «DEF» кодтары мен «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстері;
6) абоненттерді нөмірдің «көшу» (nomadicity) функциясымен қамтамасыз ететін, тіркелген телефонды байланыс желілерінің географиялық емес анықталатын нөмірлеу аймағының «DEF» кодтары мен «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстері;
7) ведомстволық, корпоративті және нөмірлеудің сыйымдылығы 100 мың нөмірден аспайтын, басқа географиялық бөлінген телекоммуникациялар желілерінің географиялық емес анықталатын нөмірлеу аймағының «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстері;
8) қызметтердің қолжетімділік кодттары (бұдан әрі - ҚҚК):
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефондық қосылуларды ұсыну үшін IP-телефония (Интернет-телефония);
деректерді беру (оның ішінде Интернет желі қызметтеріне, байланысатын қолжетімділік);
байланыстың интеллектуалды желілері;
қалааралық және (немесе) халықаралық желінің коммутациялық станциясы техникалық қызметкерлерінің бақылау-сынақ жабдықтарына қолжетімділігі.
9) ҚҚК пайдалануымен байланыс қызметтерін ұсынатын (Х1Х2Х3)/(Х1 2Х3Х4) операторлар кодтары;
10) «1UV (Х1(Х2))» шұғыл жедел, ақпараттық-анықтамалық және тапсырыс беру қызметтеріне қолжетімділік нөмірлері;
11) Поп қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының таңдау префикстері (бұдан әрі – Поп);
12) телефондық байланыс қызметтері және телефондық нөмірлеуді пайдаланумен қамтамасыз етілетін қызметтер үшін абоненттік нөмірлері;
13) ҚҚК пайдалануымен (Х4Х5Х6Х7) / (Х5Х6Х7) қызметтері абоненттердің логикалық нөмірлері.
6. Телефондық нөмірлеу ресурсы Қазақстан Республикасының ұлттық ресурсының бөлігі ретінде ажыратылмайтын болып табылады (сатуға, жалға беруге болмайды, кәсіпорынды (байланыс операторларын) қайта ұйымдастырудың немесе таратудың нәтижесінде құқықтық мирасқорға берілмейді;
байланыс операторына нөмірлеу ресурсы телекоммуникациялар қызметін көрсету үшін желі абоненттеріне нөмірлерді бөлу немесе қызметке қолжетімділікті ұйымдастыру арқылы пайдалануға бөлінеді;
бір байланыс операторымен нөмірлеу ресурсын қызметтерді көрсету мақсатында пайдалану үшін басқаға беруге жол берілмейді.
7. Уәкілетті орган нөмірлеу ресурсын есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының бөліп берілген және резервтелген нөмірлеу ресурстарының бірыңғай тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.
Тізілім құрайды:
1) Қазақстан Республикасы телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу жоспарын;
2) Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесін;
3) Қазақстан Республикасы нөмірлеу жүйесінің бөлінген нөмірлеу ресурстар туралы мәліметтерін;
4) нөмірлеу ресурсын бөлу, өзгерту туралы шешім қабылданғаны немесе нөмірлеу ресурсын бөлу туралы шешімнің қайта рәсімделуіне қатысты, байланыс операторлары, қызмет провайдерлері, ведомстволық, корпоративті желілерінің, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желілерінің иелері туралы мәліметтерін, олар:
заңды тұлға үшін – атауы (фирмалық атауы), ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, заңды тұлғаның орналасқан жері;
жеке кәсіпкер үшін – тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, тұлғаны куәландыратын құжаттардың деректері;
бөлінген нөмірлеу ресурсының көлемі;
бөлінген нөмірлеу ресурсын пайдалану аумағы туралы ақпараттан тұрады.
5) нөмірлеу ресурсын бөлу (өзгерту, толық немесе ішінара алу) туралы шешімнің берілген күні және тіркеу нөмірі, нөмірлеу ресурсын бөлу туралы шешімнің қайта рәсімделу күнінен тұрады.
8. Осы Ереженің 7 тармағында көрсетілген, тізілімдегі бар ақпарат, арнайы тағайындалған желілер иелері туралы ақпаратты қоспағанда, тоқсан сайын деректері жаңартылып, жариялануға (уәкілетті органның сайтында орналастыруға) жатады.
Нөмірлеу ресурсын алған байланыс операторлары, қызметтер провайдерлері және желілер иелері олармен анықтайтын нөмірлеу жоспарына сәйкес алынған нөмірлеу ресурсын қызмет көрсетілетін аумақ бойынша немесе байланыс қызметтері бойынша бөледі.
Белгіленген нөмірлеу жоспарының көшірмесі және пайдаланылатын (қолданыстағы) нөмірлеу туралы мәліметтер байланыс операторларымен, желілердің иелерімен, қызметтер провайдерлерімен жыл сайын 30 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға Қазақстан Республикасының нөмірлеу жоспарына қосу үшін ұсынылады.
2. Нөмірлеу ресурсын тарату тәртібі
9. Нөмірлеу аймақтары, телекоммуникациялар желілері мен қызметтер арасында нөмірлеу ресурсын тарату қағидаттары Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесімен және жоспарымен анықталған.
10. Абоненттерді нөмірдің «көшу» (nomadicity) функциясымен қамтамасыз ететін тіркелген телефондық байланыс желілерінің географиялық емес анықталатын нөмірлеу аймақтарының «АВС» кодтары, «DEF» кодтары, қызметтерге қолжетімділік кодтары (ҚҚК) нақты алушысы жоқ және Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарына сәйкес уәкілетті орган белгілі бір аумаққа немесе телекоммуникациялар қызметінің түріне бекітіледі.
Нөмірлеудің бір географиялық анықталатын аймағының нөмірлеу ресурстарын басқа географиялық анықталатын аймақта пайдалану рұқсат етілмейді.
Нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағының нөмірлеу ресурсы осы аймақта жұмыс істейтін тіркелген байланыс желілерінің операторлары үшін ортақ болып табылады.
11. Уәкілетті орган «АВС» кодымен нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағында жергілікті телекоммуникациялар желілерінің «Х1Х2», «Х1Х2Х3» индекстерін жоспарлау мен тағайындауды, олардың ауыстырылуын немесе резервке қоюды нөмірлеудің әр географиялық анықталатын аймақтың қолданыстағы нөмірлеу жоспарларына сәйкес іске асырады.
12. Байланыс операторына нөмірлеудің географиялық анықталатын аймақтың аумағында (үстеме желі) орналасқан бірнеше жергілікті желілерді сәйкестендіру үшін осы аймақтың «АВС» коды ресурсынан бос «Х1Х2» индексі тағайындалуы мүмкін.
Нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағының аумағында байланыс операторы жергілікті желісінің қосынды жоспарланған сыйымдылығы 15 мыңнан кем емес нөмір құрайды, ал нөмірлеу ресурсын алу өтінішін берген уақыттағы байланыс операторының қолданыстағы жергілікті желілерінің сыйымдылығы – жоспарланғаннан 50 пайыздан кем емес құрайтын жағдайда ғана «Х1Х2» индексі байланыс операторына тағайындалады.
Байланыс операторының нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағында жергілікті желінің қосынды сыйымдылығы максималды мүмкіннен 90 пайызға дейін (72000 нөмір) жоғарылаған жағдайда байланыс операторына бір индекстен көп «Х1Х2» тағайындалады.
13. «АВС» кодымен нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағындағы жергілікті телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу ресурсы өтініште көрсетілген телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу ресурстарын бөлуіне 50 пайыз мөлшерінде бөлінеді. Нөмірлеу ресурсының 50 пайыз мөлшерде қалған бөлігі нөмірлеу ресурсын алушыға резервке беріледі және бөлінген ресурстың қолданыста болу шегі бойынша ресурс алушымен пайдаланады.
14. Егер нақты аумақта барлық байланыс операторларына бөлінген және нөмірлеу ресурсын бөлуге байланыс операторлары өтініштері бойынша сұралатын жергілікті телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу ресурсы қолжетімді ресурстан 90 пайызға жоғары болса, онда уәкілетті органмен құрылған нөмірлеу ресурсын бөлу Комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) хаттамалық шешімімен ресурстың шектелуі бар болуы тіркеледі. Комиссия құрамы және оның жұмыс тәртібі уәкілетті органның басшысымен бекітіледі.
Ресурстың шектеулігі туралы ақпарат уәкілетті органның сайтында 10 жұмыс күн ішінде жарияланады.
Уәкілетті орган жергілікті желінің нөмірлеу ресурсын арттыру жөнінде мынадай шаралар қабылдайды:
1) нөмірлеу ресурсын қайта тарату жолы арқылы (талдау жүргізу және байланыс операторларымен бөлінген мерзімнен бастап екі жыл ішінде елу пайыздан астам бөлінген жергілікті телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсынан пайдаланбағанын шығару);
2) Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарларына сәйкес жергілікті желіде абоненттің 5-таңбалы нөмірінен 6-таңбалыға, жергілікті желіде абоненттің 6-таңбалы нөмірінен 7-таңбалыға ауыстыру жолы арқылы.
15. Қайтадан құрылатын желілер үшін нөмірлеу ресурсы осы Ереженің 24, 25-тармақтарында анықталған тәртіппен бөлінеді.
16. Ұялы байланыс, мобилді телекоммуникациялық байланыс (оның ішінде жылжымалы радио/радиотелефондық байланыс және транкингтік байланыс), Қазақстан Республикасының барлық аумағында (республикалық желілер) қызметтер ұсынған жағдайда берілген лицензияның негізінде жылжымалы жерсеріктік байланыс желілеріне нөмірлеудің географиялық емес анықталатын аймағының «DEF» кодтары тағайындалады:
желі сыйымдылығы максималды мүмкіннен 90 пайызға дейін жоғарылаған жағдайда, осы желіге жаңа DEF коды тағайындалады;
өңірлік ұялы байланыс желілеріне, бөлек елді мекендер аумағында жұмыс істейтін мобилді телекоммуникациялық байланыс желілеріне (оның ішінде жылжымалы радио/радиотелефондық және транкингтік байланыстың) нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағының шегінде осы географиялық анықталатын аймағының нөмірлеу ресурсы тағайындалады.
17. Егер өтініш беруші желі учаскелерін (фрагменттерін) бір нөмірлеу кодымен біріктірген жағдайда басқарушылық және өндірістік қызметтің тиімділігін едәуір жоғарылайтындығын дәлелдейтін негіздеулер келтіретін болса, ведомстволық, корпоротивті желілерге және арнайы тағайындалған байланыс желілерге «DEF» кодтары тағайындалады.
Ведомстволық және корпоротивті желілерге «DEF=767» кодындағы «Х1Х2» индексі, желінің қосынды сыйымдылығы кем дегенде 100 мың нөмір болған жағдайда ғана тағайындалады.
Заңды тұлғаларға нақты нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағына байланбаған, ведомстволық және корпоративті желілерді ұйымдастыру қызметтерін ұсынатын тіркелген байланыс операторына «DEF» коды немесе «DEF=767» («DEFХ1Х2») кодындағы индекс тағайындалады.
Ведомстволық және корпоротивті желілерге «DEF»/«DEFХ1Х2» кодтарын тағайындаумен қатар, желі пайдаланушыларына қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында, «АВС» кодымен нөмірлеу аймағында жергілікті желілердің нөмірлеу ресурсын тағайындау рұқсат етіледі.
18. «DEF» кодтарын немесе «DEF» кодтарындағы «Х1Х2» индекстерін, жергілікті телекоммуникациялар желілерінің «АВС» кодтарындағы «Х1Х2», «Х1Х2Х3» индекстерін алған байланыс операторлары және желілер иелері бұдан әрі нөмірлеу ресурсын таратуды олармен әзірлейтін нақты желілердің нөмірлеу жоспарларына сәйкес дербес іске асырады.
19. Бөлінген телекоммуникациялар желілердің нөмірлеу жоспары осы желілер операторларымен дербес (желілерді, коммутациялық станцияларды сәйкестендіру, абонент нөмірлерінің мәнділігі) анықталады.
ЖПТЖ-мен бөлінген желінің түйіндесу жағдайда ол ҚР БТЖ басқа желілер санаттарына ауысады, желі нөмірі осы Ережеге сәйкес өзгертілуге жатады.
20. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарына сәйкес шұғыл апаттық және ақпараттық-анықтамалық пен тапсырыс беру қызметтеріне «1UV», «1UV (Х1)», «1UV (Х1(Х2))» қолжетімділік қысқа нөмірлерді тағайындауды іске асырады.
21. Операторды таңдау префикстері Поп=12ХХ тек қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларына тағайындалады, бұл ретте байланыс операторына қалааралық, сондай-ақ халықаралық байланыс үшін пайдаланылатын тек бір префикс Поп тағайындалады.
22. Байланыс операторына (қызмет провайдеріне) ЖПТЖ абоненттері деректерді беру қызметтеріне (оның ішінде қолжетімділік жалғанатын Интернет қызметтеріне), IP-телефония (Интернет-телефония) қызметтеріне және интеллектуалды байланыс желілер қызметтеріне қолжетімділігін ұйымдастыру мақсатында, жергілікті телефон нөмірлерін тағайындау рұқсат етіледі, оның ішінде:
1) деректерді беру қызметінің провайдері болып табылатын байланыс операторы оның жергілікті желісіне бекітілген нөмірлеу ресурсынан жергілікті телефон нөмірін пайдаланады, сонымен қатар бұл нөмір уәкілетті органның бұйрығымен қызметтерге қолжетімді нөмір ретінде бекітіледі;
2) IP-телефония (Интернет-телефония) қызметінің және/немесе интеллектуалды байланыс желілер қызметінің провайдері болып табылатын байланыс операторы оған уәкілетті органмен тағайындалған «ҚҚК» кодындағы нөмірін пайдаланумен қатар оның жергілікті желісіне бекітілген нөмірлеу ресурсынан жергілікті телефон нөмірін пайдалануы мүмкін, сонымен қатар бұл нөмір уәкілетті органның бұйрығымен қызметке қолжетімді нөмір ретінде бекітіледі;
3) уәкілетті орган қызмет провайдеріне жергілікті телефон нөмірін тағайындауды қызмет провайдерінің жабдығы желіге қосылатын, ЖПТЖ операторымен келісім бойынша іске асырады.
4) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар байланыс операторына нөмірлеу ресурсын (Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай нөмірлер) уәкілетті орган тағайындайды.
3. Нөмірлеу ресурсын тағайындау және алу тәртібі
23. Телекоммуникациялар желілері үшін нөмірлеу ресурсын тағайындау және алу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
24. Нөмірлеу ресурсын алу үшін байланыс операторына, қызметтер провайдеріне, телекоммуникациялар желілерінің иесіне уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтініш берушімен ресімделген, бірыңғай телекоммуникациялар желілерін нөмірлеудің ресурстарын бөлуіне арналған жазбаша түрдегі өтініш;
2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ресімделген түсіндірме жазбасын;
3) телекоммуникациялар қызметтерін көрсету құқығына лицензия көшірмесі және оған қосымша (лицензияланатын байланыс қызметтерін көрсеткен жағдайда);
4) заңды тұлға үшін – Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) жеке кәсіпкер үшін - өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
7) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
25. Көрсетілген құжаттарға келесі қосымша ұсынылады:
1) қалааралық және (немесе) халықаралық Поп байланыс операторы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау префиксін алу үшін, уәкілетті органға әр аймақта оператордың болуын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау мақсатында, желілердің қосылуының стандартты нүктесі болып табылатын оператор желісінің транзитті коммутациялық станциялар тізбесін ұсынуы қажет;
2) байланыс операторына (қызмет провайдеріне) қайта енгізілетін немесе бұрын қолданыстағы қызметте «ҚҚК» кодын пайдаланып, байланыс қызметтерін көрсететін оператордың «Х1Х2Х3(Х4)» кодын алу үшін уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсыну қажет:
қызметтердің толық сипаттамасы;
осы қызметті ұйымдастырудың мақсаттылығын негіздеу;
жоспарланған қызметті көрсету әдісінің нақты сипаттамасы;
шақырулардың тарифтеу және бағытттау жөніндегі ұсыныстар;
Қызметті абоненттеу кезінде байланыс операторымен (қызмет провайдерімен) «(Х4)Х5Х6Х7» қызметтерінің логикалық абонент нөмірлері тағайындалады;
26. Осы Ереженің 24, 25 тармақтарында көрсетілген құжаттардың тізбесі таусылған болып табылады.
27. Өтініш берушімен жолданған құжаттар Комиссиямен қарастырылады. Уәкілетті органның басшысы Комиссия құрамын және оның жұмысының тәртібін бекітеді.
Нөмірлеу ресурсын бөлу (тағайындау) туралы шешім уәкілетті органның бұйрығы жариялануымен расталады және құжаттар берілген күннен бастап кемінде отыз жұмыс күнде қабылдануы тиіс.
Нөмірлеу ресурсын тағайындау туралы ақпарат уәкілетті органның бұйрығы жарияланғаннан кейін уәкілетті органның сайтында 10 жұмыс күн ішінде орналасады. Қабылданған шешім туралы өтініш беруші 3 жұмыс күн ішінде жазбаша хабарланады.
28. Уәкілетті орган сұралатын нөмірлеу ресурсын тағайындаудан мынадай негіздердің бірі бар болған кезде бас тартады:
1) байланыс саласындағы сұралған нөмірлеу ресурсындағы қажеттіліктің қызмет көрсетуге лицензияға қосымша (-лар) шарттарына сәйкес келмеуі;
2) осы Ереженің 24, 25 тармақтарында көрсетілген құжаттардың ұсынбауы немесе құжаттардың толық емес пакетін ұсынбауы;
3) бұл аумақтағы нөмірлеу ресурсының шектеулігі;
4) Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспарына сұратылған нөмірлеу ресурсының сәйкес келмеуі;
5) өтініш берушімен қарастыруға ұсынылған құжаттарда дұрыс емес немесе бұрмаланған ақпараттың бар болуы;
6) байланыс желісін құру сызбасы мен байланыс қызметін сипаттау өтінішімен бірге ұсынылған сұратылған нөмірлеу ресурсына нөмірлеу ресурсын пайдалануы болжанатынын көрсету үшін сәйкес келмеуі.
Түсіндірме жазбасында көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін, өтініш берушінің құжаттары байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жолданады. Осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларында келтірілген нөмірлеуді бөлуге бас тарту себептерінің тізбесі таусылған болып табылады.
29. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 204-б бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3177 тіркелген), телефонды байланыс қызметтерін көрсету Ережесіне сәйкес телекоммуникациялар қызметін көрсетуге абонент пен байланыс операторы (қызмет провайдері) арасында шарт жасасқанда оператор желісінің нөмірлеу жоспарынан абоненттерге байланыс операторымен (қызмет провайдерімен) абоненттік нөмірлер беріледі.
30. Қазақстан Республикасының нөмірлеу жүйесі мен жоспары өзгерген жағдайда, уәкілетті орган 30 жұмыс күн ішінде байланыс операторларына және телекоммуникациялар желілерінің иелеріне бөлінген нөмірлеу ресурсының, сондай-ақ нақты алушысы жоқ нөмірлеу ресурсының өзгеруі туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті орган байланыс операторларына, қызмет провайдерлеріне, телекоммуникациялар желілерінің иелеріне бөлінген нөмірлеу ресурсының өзгеруі туралы шешімінің қабылдануынан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде байланыс операторларын, қызмет провайдерлерін, телекоммуникациялар желілерінің иелерін ескертеді.
Сонымен қатар, байланыс операторлары мен желі иелеріне қызмет пайдаланымдағыға баламалы нөмірлеу ресурсы ұсынылады.
31. Уәкілетті орган нөмірлеу ресурсын алуын мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) нөмірлеу ресурсын алушының өтініші бойынша;
2) байланыс операторы (қызмет провайдерінің) лицензиясының күшінің тоқтатылуы;
3) байланыс операторының (қызмет провайдерінің) нөмірлеу ресурсын пайдалануды реттейтін нормативтік құжаттарды бұзуы;
4) байланыс операторымен, қызмет провайдерімен, жергілікті желінің бөлінген нөмірлеу ресурсының иелерімен 50 пайыздан астам тағайындалған сәттен бастап екі жылдың ішінде пайдаланбауы (лицензия қосымшасында белгіленген мерзімді ескере отырып, уәкілетті органмен жүзеге асырылатын тексеру нәтижелері бойынша).
Уәкілетті орган байланыс операторына (қызмет провайдеріне), желі иесіне пайдаланылмайтын нөмірлеу ресурсын алу туралы бұйрығын, оның жарияланғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде ұсынады.
Осы тармақта келтірілген нөмірлеу ресурсын алу себептерінің тізбесі таусылған болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Бірыңғай телекоммуникациялар
желілерінің нөмірлеу ресурстарын
бөлу және пайдалану Ережесіне
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Бірыңғай телекоммуникациялар желілерінің
нөмірлеу ресурстарын бөлуіне арналған
өтініш
1. Өтініш беруші (заңды тұлға үшін - толық және қысқаша атауы, жек тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты).
2. Пошталық мекен-жайы.
3. Байланыс реквизиттері (телефон, факс, телекс).
4. Банкілік реквизиттер.
5. Байланыс саласындағы уәкілетті органмен берілген лицензиялық және оның қосымшалық реквизиттері (лицензияланатын байланыс қызметтерін көрсеткен жағдайда).
6. Желінің толық және қысқартылған атауы (егер болса).
7. Желіні құруға және пайдалануға жауапты тұлғаның лауазымы, аты-жөні.
8. Сұратылатын нөмірлеу ресурсының көлемі.
9. Сұратылатын нөмірлеу ресурсын пайдалануды жоспарлайтын аумақ.
Өтінімге қоса түсіндірме жазбахаты беріледі.
_______________________________ ___________________________
(өтінішке қол қоюға өкілетті (лауазымды тұлғаның
тұлғаның лауазымы) аты-жөні)
М.О.
Қазақстан Республикасының
Бірыңғай телекоммуникациялар
желілерін нөмірлеудің ресурстарын
бөлу және пайдалану ережесіне
2-қосымша
Түсіндірме жазбахаты
1. Желінің атауы мен түрі.
2. Желінің қызмет етуін қамтамасыз ететін әкімшілік-ұйымдастыру қағидаттары (меншік нысандары, иесі, пайдаланылатын кәсіпорындар, кәсіпорын – халықаралық оператор, олардың құқықтық және функционалдық қатынастар).
3. Өтінім беру кезіндегі желінің пайдалану дайындығы (немесе пайдаланудың бастау мерзімі).
4. Желі құрудың қысқаша техникалық қағидаттары:
1) құрылымы, оның ішінде қалааралық (халықаралық, аймақішілік) желілермен өзара іс-қимылын жүзеге асыратын элементтер;
2) қалааралық (халықаралық) желілермен түйіндесудің техникалық қамтамасыз ету (желіаралық түіндесу хаттамалары, тікелей түйіндесу, байланыс арналарының түрлері және оларды ұйымдастыру тәсілдері).
5. Қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін, деректерді беру қызметтерін (оның ішінде қолжетімділік жалғанатын Интернет қызметтеріне), IP-телефония қызметтеріне (Интернет-телефония) және байланыстың интеллектуалдық желілер қызметтеріне ұсыну үшін ұйымдастыру-техникалық дайындығы (шет елдердің түйіндесу желілерінің операторларымен, отандық желілермен немесе транзит беру туралы халықаралық транзиттік тораптармен, халықаралық арналар жабдықтаушыларымен келісімдердің бар болуы, техникалық құралдардың бар болуы және функционалдық дайындығы).
6. Желі қызметінің ауқымдары:
1) желі топологиясы (желімен қамтылатын Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің, басқа да шет елдердің қалалары мен аймақтарының тізбесі);
2) пайдаланушылардың, оның ішінде қалааралық (халықаралық) байланыс қызметтерімен пайдаланатындардың саны;
3) тікелей түйіндесу жүргізілетін шетел желілері мен транзиттік тораптарының тізбесі;
4) пайдаланушыларға, тапсырыс берілген желімен тікелей түйіндесуі жоқ шетел желілерінің абоненттеріне шығуды ұсыну мүмкіндігі;
5) қалааралық (халықаралық) трафик (кіріс, шығыс);
6) қызметтердің құрамы.
7. Желінің нөмірлеу жоспарын құру қағидаттары.
8. Қызметтерді сипатау.
Ескертулер:
4, 5-тармақтар бойынша мәліметтер өтініш беру кезіндегі жағдайы бойынша жазылады және желіні дамыту жоспары бойынша деректер келтіріледі;
5-тармақ нөмірлеу аймағының «DEF» кодтарын, «DEFХ1» және «DEF Х1 Х2» кодтарын, «ҚҚК» кодтарындағы «Х1Х2Х3(Х4)» байланыс операторларының (қызметтер провайдерлерінің) кодтарын сұрататын тек операторлар үшін; оператордың таңдау префиксін сұрататын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары үшін қолданымды.
6-тармақтың 3)-5) тармақшалары нөмірлеу аймағының «DEF» кодтарын, «DEF Х1» және «DEF Х1Х2» кодтарын сұрататын тек операторлар үшін қолданымды.
Егер бұрын лицензия алуға түсіндірме жазбасында өзгертілсе, 7-тармақ бойынша жаңа нөмірлеу жоспары қосымша беріледі.
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 559 бұйрығына қосымша
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті
органның кейбір күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін нөмірлеу ресурстарын тарату және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 38-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2262 тіркелген).
2. «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін нөмірлеу ресурстарын тарату және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 38-п бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы № 52-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3490 тіркелген).
3. «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін нөмірлеу ресурстарын тарату және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 38-п бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 100-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3617 тіркелген).
4. «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін нөмірлеу ресурстарын тарату және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 38-п бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 31 мамырдағы № 160-п бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3701 тіркелген).