Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 248 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6004 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 385 қаулысымен (04.02.2012 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      атауында «Қазақстан Республикасының резиденті емес -» деген сөздер алынып тасталсын;
      кіріспесінде «18-бабының 1-тармағын, 17-1-бабын» деген сөздер «17-1-бабын, 18-бабының 1-тармағын, 30-бабының 13-тармағын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 30-бабының 13-тармағының мақсаттары үшін бас банктің не банктің холдингтік компаниясының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің біреуі берген, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, оған сай келетін рейтингтен төмен емес болуы тиіс екендігі белгіленсін.»;
      3-тармақтың бірінші абзацында «1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының резиденті емес -» деген сөздер «1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                        Е. Бахмутова