Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 11) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықта:
32-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сомасынан бір пайыздан аспайтын сомада кассадағы ақша - баланстық құнның жүз пайызы көлемінде;»;
3) тармақшада:
«10)» деген цифр «13)» деген цифрмен ауыстырылсын;
«4, 6-қосымшаларында» деген сөз және цифрлар «4-қосымшасында» деген сөз және цифрмен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, күмәнді борыштар бойынша резервті алып тастағанда, қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының он пайызынан аспайтын сомадағы сақтандыру сыйлықақылары.
Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары сақтанушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының 1/12 бөлігін немесе жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша бірінші сақтандыру жарнасын төлеген жағдайда олардың сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелімін ескергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнының есебіне кіргізіледі.
Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтанушы қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының 1/12 бөлігін төлеген жағдайда олардың сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелімін ескергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнының есебіне кіргізіледі;»;
9) тармақшада «және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін инвестициялық жылжымайтын мүлік» деген сөздер алынып тасталсын;
екінші бөлік «активтер құнының есебіне» деген сөздерден кейін «шарттың талаптары бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешек, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Уәкілетті орган "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге "Moody's Investors Service", "Fitch" және «A.M. Best» агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын да мойындайды. Бұл ретте «A.M. Best» агенттігінің рейтингтік бағалары осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасының мақсаттары үшін ғана пайдаланылады.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мынадай активтері жоғары өтімді активтер ретінде танылады:
1) қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының бір пайызынан аспайтын сомадағы кассадағы ақшасы;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдары;
3) мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін:
«Standard & Poor's» агенттігінің "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар;
резидент емес бас банктерінде "Standard & Poor's" агенттігінің "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еншілес банктер болып табылатын;
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В"-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары;
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздары;
6) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары;
7) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) қаулысында (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялар және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің "В-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары;
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары;
8) осы тармақтың 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары:
қор биржасымен танылған рейтингтік агенттіктердің бағасының болуы;
борыштық бағалы қағаздардың эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейін кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған;
борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) (бұдан әрі – ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында (General Accepted Accounting Principles – GAAP) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) қолданылатын қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес жасайды;
қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін жүргізеді;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кем дегенде екі аяқталған қаржылық жыл үшін ұсынылған;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан көп немесе оған тең. Бұл ретте борыштық бағалы қағаздардың эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде екі миллион елу мың еселенген мөлшеріне баламалы соманы құрайды;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың бір жылындағы таза кірісі аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшеріне баламалы соманы құрайды;
лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің деректері бойынша соңғы екі жылдың әрбір жылы үшін негізгі қызметі бойынша сату көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде екі миллион елу мың еселенген мөлшеріне баламалы соманы құрайды;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;
борыштық бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізімінде болуы кезінде осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иелігінен алу (табыстау) құқығына нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін нормалар болмайды;
9) осы тармақтың 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарында, сондай-ақ 8) тармақшасында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары:
қор биржасымен танылған рейтингтік агенттіктердің бағасының болуы;
борыштық бағалы қағаздардың эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейін кем дегенде бір жыл бұрын жүзеге асырылған;
борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі борыштық бағалы қағаздардың эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін жүргізеді;
борыштық бағалы қағаздардың эмитенті аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін қаржылық есептілікті ұсынған;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде үш жүз қырық мың еселенген мөлшеріне баламалы соманы құрайды;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес аяқталған қаржылық үш жылдың бір жылында таза кірісінің болуы;
лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің деректері бойынша соңғы қаржылық жыл үшін негізгі қызметі бойынша сату көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде үш жүз қырық мың еселенген мөлшеріне баламалы соманы құрайды;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;
борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иелігінен алу (табыстау) құқығына нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін нормалар болмайды;
10) шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік мәртебеге ие бағалы қағаздары;
11) шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары;
"Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
12) тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
13) Лондондық қымбат металлдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металлдары және металл депозиттері, оның ішінде "Standard & Poor's" агенттігінің "А"-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасына немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріндегі металл депозиттері.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдары осы Нұсқаулықтың 6-қосымшаcында көрсетілген көлемде жоғары өтімді активтер есебіне енгізіледі.»;
43-тармақтың бірінші бөлігінің екінші сөйлемінде «10)» деген цифр «13)» деген цифрмен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың 4-қосымшасының «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сапа және өтімділік жіктелімдерін ескергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің есебі» кестесінде:
реттік нөмірі 1.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.1. |
Қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сомасынан бір пайыздан аспайтын сомада кассадағы ақша |
11111 |
100% |
»;
реттік нөмірі 5-жолдың екінші бағанында «11156» деген цифрлар «11158» деген цифрлармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.2, 5.3-жолдар мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.2. |
№ 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және күмәнді борыштар бойынша резервті алып тастағанда осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) |
11152 |
70% |
||
5.3. |
№ 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және күмәнді борыштар бойынша резервті алып тастағанда осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) |
11153 |
50% |
»;
реттік нөмірі 5.5-жолдың екінші бағанында «"бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" санатына жатқызылған» деген сөздер «№ 77 қаулыда көзделген «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.6. |
күмәнді борыштар бойынша резервті алып тастағанда № 77 қаулыда көзделген "екінші шағын санаттың (ең жоғарғы санаттан кейінгі) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) |
11156 |
70% |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5.7, 5.8-жолдармен толықтырылсын:
«
5.7. |
осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 8) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары |
11157 |
80% |
||
5.8. |
осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 9) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары |
11158 |
70% |
»;
реттік нөмірі 12-жолдың екінші бағанында «қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік және инвестициялық мүлік» деген сөздер «жылжымайтын мүлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
14. |
Қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, күмәнді борыштар бойынша резервті алып тастағанда, қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының он пайызынан аспайтын сомадағы сақтандыру сыйлықақылары бойынша берешегі |
12100 |
100% |
»;
реттік нөмірі 15-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 16-жолдың екінші бағанында «+ «12200» деген цифрлар алынып тасталсын;
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің қатысуымен жасалынатын (НД3) «кері РЕПО» мәмілелері отыз күннен аспайтын мерзімге және тек автоматты тәсілмен жасалынуы мүмкін, қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің отыз пайызынан аспайды» деген екінші кестедегі деген реттік нөмірі 4-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5, 6-жолдармен толықтырылсын:
«
5. |
Бір инвестициялық қордың пайларына инвестициялардың жиынтық мөлшері (НД8) – қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес |
||||
6. |
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздарға инвестициялардың жиынтық мөлшері (НД9) – қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес |
»;
Нұсқаулықтың 5-қосымшасының «пруденциалдық нормативтер есебіне арналған қосымша мәліметтер» кестесінде:
реттік нөмірі 8004-жолдың екінші бағанында:
«мерзімі өтпеген» деген сөздер алынып тасталсын;
«ұйымдардан алынатын» деген сөздерден кейін «қайта сақтандыру активтерін шегергенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының он пайызынан аспайтын сомадағы» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 8005-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8090-1-жолмен толықтырылсын:
«
8090-1 |
Өзге салымдар |
»;
реттік нөмірі 8094, 8095-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
8094 |
№ 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары |
||||
8095 |
№ 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары |
»;
реттік нөмірі 8098, 8099-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
8098 |
№ 77 қаулыда көзделген "бірінші шағын санаттың (ең жоғарғы санат) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары |
|
8099 |
№ 77 қаулыда көзделген "екінші шағын санаттың (ең жоғарғы санаттан кейінгі) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8099-1, 8099-2-жолдармен толықтырылсын:
«
8099-1 |
Осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 8) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары |
|
8099-2 |
Осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 9) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8103-1-жолмен толықтырылсын:
«
8103-1 |
Өзге бағалы қағаздар |
»;
реттік нөмірі 8105-жолдың екінші бағанында «қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік және инвестициялық мүлік» деген сөздер «жылжымайтын мүлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың 6-қосымшасының «жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі нормативінің есебі» кестесінде:
реттік нөмірі 5.2, 5.3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.2. |
№ 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және күмәнді борыштар бойынша резервті алып тастағанда осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) |
70% |
||||||||||
5.3. |
№ 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және күмәнді борыштар бойынша резервті алып тастағанда осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) |
50% |
»;
реттік нөмірі 5.5-жолдың екінші бағанында «"бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына жатқызылған» деген сөздер «№ 77 қаулыда көзделген "бірінші шағын санаттың (ең жоғарғы санат) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.6. |
№ 77 қаулыда көзделген "екінші шағын санаттың (ең жоғарғы санаттан кейінгі) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары - күмәнді борыштар бойынша резервті алып тастағанда баланстық құнының 70%-ы көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) |
70% |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5.7, 5.8-жолдармен толықтырылсын:
«
5.7. |
осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 8) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары |
80% |
||||||||||
5.8. |
осы Нұсқаулықтың 36-тармағының 9) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары |
70% |
»;
7-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының 2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алтыншы, жетінші, он бесінші, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, жетпіс жетінші, тоқсан тоғызыншы абзацтарын және осы қаулының 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он біріншіден он төртіншіге дейінгі, он алтыншы, жетпіс сегізіншіден сексен біріншіге дейінгі, сексен бесіншіден сексен сегізіншіге дейінгі абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының 1-тармағының жиырма алтыншы абзацының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін таралады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.11.29 № 174 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде "Сақтандыруды қадағалау" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені енгізілген өзгерістерді ескере отырып, жетілдіруді қамтамасыз етсін.
5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 30 қарашадағы № 238
қаулысының қосымшасы
«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының пруденциалдық нормативтер
есебінің нормативтік мәні мен
әдістемесі, пруденциалдық
нормативтердің орындалғандығы
жөніндегі есепті беру нысандары
мен мерзімі туралы Нұсқаулықтың
7-қосымшасы
Ұзақ мерзімді рейтингтердің салыстырмалы кестесі
№ |
Standard & Poor's |
Moody's Investors Service |
Fitch |
A.M. Best |
1. |
ААА |
Ааа |
ААА |
ааа |
2. |
АА+ |
Aa1 |
АА+ |
аа+ |
3. |
АА |
Аа2 |
АА |
аа |
4. |
АА- |
Аа3 |
АА- |
аа- |
5. |
А+ |
A1 |
А+ |
а+ |
6. |
А |
А2 |
А |
а |
7. |
А- |
A3 |
А- |
а- |
8. |
ВВВ+ |
Baa1 |
ВВВ+ |
ввв+ |
9. |
ВВВ |
Ваа2 |
ВВВ |
ввв |
10. |
ВВВ- |
Ваа3 |
ВВВ- |
ввв- |
11. |
ВВ+ |
Ba1 |
ВВ+ |
вв+ |
12. |
ВВ |
Ва2 |
BB |
вв |
13. |
ВВ- |
Ва3 |
ВВ- |
вв- |
14. |
B+ |
B1 |
B+ |
в+ |
15. |
В |
В2 |
В |
в |
16. |
В- |
В3 |
В- |
в- |
".